-26.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚорғалжын ауданының туристік әлеуеті артуда

Қорғалжын ауданының туристік әлеуеті артуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданындағы тұрғындармен кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу барысында аймақ басшысы Қорғалжын қорығындағы туристік жобаларды дамытуға «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 500 млн теңге бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Аймақ әкімі өңірдің табиғи әлеуеті жоғары екенін, әсіресе Қорғалжын қорығы — еліміздегі ерекше орындардың бірі екенін атап өтті.

«Қоқиқаз бар екен ғой. Ең солтүстік мекендейтін – біздің Қорғалжын. Оны біз пайдалануымыз керек. Сондықтан Қорғалжынға жарты миллиард теңге бөлемін. Бірақ бұл қаражатты тиімді игеру – үлкен жауапкершілік», – деді Марат Ахметжанов.

Туризмді дамытуға бағытталған бұл қаржы дұрыс пайдаланылса, өңірге келетін турист саны артып, жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін.

Жиында ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер де айтылды. Биыл аграрлық салаға көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі 1,5 есе артқан. Мал шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 4,3 млрд теңгені құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда тоғыз есе жоғары көрсеткіш.

Ауданда жол жөндеу және су жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Биылдың өзінде 26 шақырымнан астам жол қалпына келтірілді. «Нұра» су жүйесін жаңарту жобасы толық жүзеге асқанда, 13 ауыл тұрақты таза ауыз сумен қамтылады.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ашық жеткізді. Жантеке ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қинат Имашев ауылдағы өзгерістерге ризашылық білдіре отырып, мәдениет үйінің қажеттігін атап өтті:

«Балабақша ашылды, мектеп күрделі жөндеуден өтті. Жол салынуда. Бірақ ең керегі — жастарды ұстап қалатын мәдениет үйі. Жұмыс орындары ашылса дейміз», – деді ауыл ақсақалы.

Сонымен қатар тұрғындар қоғамдық монша салу, Сабынды ауылының жолын жөндеу сияқты мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы бұл ұсыныстардың барлығы қаржыландыру тізіміне енгізілетінін айтты.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
-26.9 ° C
-26.9 °
-26.9 °
100 %
1.7kmh
78 %
Ср
-15 °
Чт
-9 °
Пт
-4 °
Сб
-3 °
Вс
-2 °

Соңғы мақала