18.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚоянды халқы биыл тасқын судан аман қалды

Қоянды халқы биыл тасқын судан аман қалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биылғы көктем Қояндылықтар үшін тыныш өтті. Былтырғыдай су тасқынынан келген әбігер, халықтың түн ұйқысын төрт бөлген үрей бұл жолы қайталанған жоқ. Мұның барлығы – жергілікті атқарушы органдардың алдын ала жүргізген жүйелі жұмысының жемісі, деп хабарлайды Өңірлік коммцникациялар қызметінен. 

Қоянды ауылының әкімі Сұлтанбай Бақытханның айтуынша, биыл қар дер кезінде сыртқа шығарылып, су тасқыны кезеңі жайлы өтті.

«Шыны керек, былтыр сырттан келген су мен ауыл ішіндегі қардың еруі халықты әбден әбігерге салған еді. Ал биыл ауылды айналдыра қазылған арықтар өз функциясын толық атқарды. Жасыл аймақтан ағатын еріген қар суы осы арықтар арқылы сыртқа ағып кетті», – дейді әкім.

Ауылда былтыр 36 шақырым арық қазылып, биыл бұл жұмыстар одан әрі жалғасқан.Биыл ауылда облыс әкімі тапсырмасымен ұзындығы 4,2 шақырым болатын айналма канал салынып, орманнан ағатын тасқын суды тосқауылдаған. Сонымен қатар, ауылда 90-нан аса су өткізу құбырлары орнатылып, қыс бойы 118 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылған.

«Әдетте Қояндыда тасқын екі кезеңде келетін – бірінші кезең ауыл ішіндегі қардың еруі болса, екіншісі орманнан ағатын су. Биыл біз осы екінші кезеңді толықтай тоқтаттық. Шығыс пен оңтүстік бағыттағы судың жолы өзгертіліп, бірі Қоянды су қоймасына, екіншісі республикалық трасса бағытына қарай бұрылды», – дейді Целиноград ауданының жол басқармасының басшысы Сұлтан Әлиасқаров.

Ауыл тұрғыны Аманжол Дәкіс биылғы көктемнің жайлы өткенін айтып, жергілікті билікке алғысын білдірді.

“Осы ауылда тұрып жатқаныма 10 жыл болды. 2023 жылы ауылдың бірнеше көшесін су басты. Былтыр қазылған арықтардың арқасында биыл үйлер су басудан аман қалды. Айналма канал да орманнан келетін судан жақсы қорғады»дейді ол.

Қоянды ауылы 21 жыл бұрын құрылған. Қазіргі таңда мұнда 40 мыңнан астам халық тұрады. Ауылда 21 көше, 180 шақырым жол бар. Бұл ауылдың болашағы зор екенін көрсетеді.

Жергілікті билік биыл арықтарды бетондап, су өткізгіш жүйелерді толық жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар аяқталған соң, Қоянды тұрғындары келесі көктемді бұдан да тыныш қарсы алмақ.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
18.2 ° C
18.2 °
18.2 °
59 %
7kmh
0 %
Пн
16 °
Вт
7 °
Ср
13 °
Чт
16 °
Пт
11 °

Соңғы мақала