3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚоянды ауылында ХҚКО бөлімшесі ашылды

Қоянды ауылында ХҚКО бөлімшесі ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қоянды ауылында жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі ашылды. Бұл игі шара Целиноград ауданы әкімдігі мен прокуратурасының, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Жаңа бөлімшені ашу салтанатына Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали, аудан прокуроры Дәурен Базарбаев және жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысып, бөлімшенің жұмысымен танысты. Бұл бастама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам ретінде атап өтілді.

Дарын Сабырғали, өз сөзінде, ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырудың маңыздылығын айтты. Ол осы бөлімшенің аудандағы мемлекеттік қызметтер инфрақұрылымын дамытуға қосар үлесі зор екенін, сондай-ақ қызметтерді алу процесін жеңілдететінін атап өтті.

Жаңа бөлімшенің басты ерекшелігі – тұрғындарға көрсетілетін қызметтер санының кеңейтілуі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Целиноград ауданы ХҚКО филиалының басшысы Ержан Кемелбеков бөлімшенің негізгі қызметтерін атап өтті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікті тіркеу, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімдеу, әлеуметтік қызметтер мен түрлі құжаттарды алу сияқты маңызды қызметтер бар.

Бұдан бөлек, бөлімшеде ресепшн, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және азаматтарға қызмет көрсету бөлімдері ұйымдастырылған, бұл тұрғындарға қызмет алуды одан әрі жеңілдетеді. Бұған дейін Қоянды ауылының тұрғындары Астанаға немесе аудан орталығына барып, құжаттарын рәсімдеуге мәжбүр болатын. Енді, жаңа бөлімше осы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бұл бастама 2024 жылдың шілде айынан бастап іске асқан. Сол кезеңде Қоянды ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде Целиноград ауданының ХҚКО мамандары, сондай-ақ жер кадастры, сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері уақытша жұмыс істеп, тұрғындарға «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетті.

Жаңа бөлімше үш білікті маманмен толыққан және ол тұрғындарға мемлекеттік қызметтер алу кезінде кез келген сұрақтарға жауап беруге дайын. Қоянды ауылындағы ХҚКО бөлімшесінің ашылуы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға маңызды үлес қосары сөзсіз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
93 %
3kmh
100 %
Ср
2 °
Чт
-0 °
Пт
-2 °
Сб
1 °
Вс
1 °

Соңғы мақала