16.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Мерейлі отбасы – 2025»: Ақмолада үлгілі әулеттер марапатталды

«Мерейлі отбасы – 2025»: Ақмолада үлгілі әулеттер марапатталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Отбасы күніне орай Ақмола облысы  әкімідігі ұйымдастырған салтанатты шара Көкшетаудағы «Салтанат сарайында» өтті. Іс шарада  «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының үздіктері анықталып, жеңімпаздар лайықты марапатқа ие болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып, жылы лебізін білдірді.

«Отбасы елдің іргетасы, оның беріктігі  болашақтың кепілі. „Мерейлі отбасы“ сияқты жобалар жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, сыйластық пен бірлікті дәріптейді. Үлгілі әулеттер – мемлекетіміздің ең үлкен байлығы», – деді ол.

Биыл Ақмола облысы бойынша 100-ге жуық отбасы өтініш білдірген. Аудандық іріктеу кезеңдерінен өткен үміткерлер облыстық деңгейде бақ сынап, арнайы комиссияның шешімімен үздіктер таңдалды. Гран-при иегері Мекебаевтар отбасы бұл жеңістің олардың өміріндегі айтулы сәт екенін ерекше атап өтті.

«Осындай мәртебелі байқауда топ жару – біз үшін үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Бұл – біздің бірлігіміз бен татулығымыздың жемісі. Мемлекет тарапынан отбасылық құндылықтарға ерекше көңіл бөлініп жатқаны бізді шабыттандырады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз», – деді әулет мүшелері.

2014 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауының басты мақсаты – отбасылық институттың мәртебесін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттап, қоғамға үлгі боларлық әулеттерді дәріптеу.

Сондай-ақ, гран-при иегері болып Целиноград ауданынан шыққан Мекебаевтар отбасы танылды. Ал І орынды Қосшы қаласынан Самалхан Зұлхажап, ІІ орынды Ақкөл ауданынан Червяковтар, ІІІ орынды Бурабай ауданынан Хамзиндер отбасы иеленді. Сонымен қатар Аршалы, Қорғалжын және Атбасар аудандарынан қатысқан Жолпат, Тұрсыновтар және Қабылдиновтер әулеттері көтермелеу сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Мерейлі отбасы» байқауы – жай ғана марапат емес, ұрпаққа өнеге. Мұндай жобалар арқылы қоғамда бірліктің, сыйластықтың, ұлттық дәстүрдің құндылығы арта түсетіні сөзсіз

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
16.2 ° C
16.2 °
16.2 °
44 %
6kmh
0 %
Пн
17 °
Вт
16 °
Ср
17 °
Чт
16 °
Пт
18 °

Соңғы мақала