-12.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарМаксимовка ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Максимовка ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сандықтау ауданының Максимовка ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті. Бұл — ауылдық аймақтардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Енді ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ, қажетті алғашқы медициналық-санитарлық қызметтерді өз өңірінде ала алады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Ашылу рәсіміне арнайы барған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов амбулаторияның ішкі жұмысымен танысып, медициналық персоналмен және ауыл жұртшылығымен пікір алмасты.

«Біздің басты мақсатымыз – ауыл тұрғындарына сапалы медицинаға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Әрбір елді мекенде осындай заманауи амбулаториялардың ашылуы – соның нақты көрінісі», – деді облыс әкімі.

Сапар барысында ол жаңа нысанға гематологиялық анализатор сатып алуға арналған 5 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Бұл медициналық жабдықтың орнатылуы қан талдауларын тікелей ауылда жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде диагностика әлдеқайда жедел, ал қызмет алу процесі тұрғындар үшін анағұрлым ыңғайлы болмақ.

Амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Мұнда екі дәрігер, лаборант және әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Медициналық қызмет көрсетуді жақсартуда жас мамандардың рөлі ерекше.

Аудандағы гранттық бағдарлама арқылы Максимовкаға келген аға дәрігер Айдана Тастабекова бүгінде ауыл тұрғындарының сеніміне ие мамандардың бірі.

«Бұл ауыл мен үшін үйіме айналды. Осында қызмет етіп жүргеніме үшінші жыл болды. Жаңа амбулатория тұрғындарға сапалы көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік береді», – дейді ол.

Максимовкадағы жаңа амбулаторияның ашылуы – ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Жергілікті биліктің айтуынша, алдағы жылдары өңірде тағы бірнеше медициналық нысанды жаңарту және салу жоспарланып отыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-12.8 ° C
-12.8 °
-12.8 °
78 %
8kmh
100 %
Пн
-12 °
Вт
-17 °
Ср
-14 °
Чт
-9 °
Пт
-5 °

Соңғы мақала