3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарМакинск қаласында қалалық саябақты абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді

Макинск қаласында қалалық саябақты абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Макинск қаласында тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының бірі саналатын қалалық саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба қала тұрғындары үшін жайлы әрі заманауи демалыс аймағын құруды мақсат етеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Жұмыстар Бұланды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тапсырысы бойынша атқарылып жатыр.

Құрылыс жұмыстарын «МарсСтрой» компаниясы жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда саябақтағы жолдарға асфальт төсеу аяқталып, тротуар плиткалары толықтай орнатылған, жарық шамдарының бағаналары қойылған.

Сонымен қатар, жылу жүйесі тартылып, сумен жабдықтау және кәріз желілері жүргізілген.

«Нысан бойынша жұмыстар екі айдан бері жалғасып келеді. Асфальт төсеу толық аяқталды, тротуарлар дайын. Жарықтандыру жүйесі бір апта ішінде қосылады», – деді «МарсСтрой» компаниясының учаске бастығы Ғалымжан Жақыпбаев.

Қала тұрғындары саябақтың жаңарып, серуендеуге ыңғайлы орынға айналып келе жатқанын қуана атап өтуде.

«Жергілікті биліктің еңбегі әрқашан бізге пайдасын тигізеді. Қалаға назар аударып жатқан әкімдікке алғыс айтамыз. Біз, зейнеткерлер, енді серуендеп, демалатын әдемі орнымыз болғанына қуаныштымыз», – деді осы қалада 25 жылдан бері тұратын зейнеткер тұрғын.

Жұмыстар толық аяқталған соң саябақта жабдықталған демалыс аймақтары, жасыл желектер, жаяу жүргіншілер жолдары пайда болады.

Жаңа саябақ балалы отбасылардың, жастардың және егде жастағы тұрғындардың сүйікті орнына айналмақ.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
81 %
7kmh
0 %
Сб
4 °
Вс
5 °
Пн
2 °
Вт
-6 °
Ср
-2 °

Соңғы мақала