2024 жылы Kazakh Tourism кезекті рет туризм индустриясының жоғары стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін туристік сала өкілдеріне «сапа белгісін» табыс етті. Биылғы жылы Қазақстанның барлық аумағы бойынша 89 туристік бизнес өкілі, оның ішінде Ақмола облысынан 11 кәсіпорын беделді марапатқа ие болды.
Сервис деңгейін бағалау нәтижелеріне сәйкес сапа белгісімен туристік объектілердің түрлі санаттары марапатталды. «Қонақ үйлер» санатында nice деңгейіндегі наградаға бес нысан ие болды, соның ішінде «Rixos Borovoe Hotel», «Wyndham Residences Aqkol», «Riverside Burabay Hotel», «Grand Hotel Burabay» және «Дом у озера»Бутик-қонақ үйі. Өз кезегінде «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешені және «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені сияқты санаторийлік мекемелерге Very nice деңгейіндегі сапа белгісі берілді. «Демалыс үйлері» санатында «Lake View» нысаны Very nice деңгейіндегі марапатқа ие болды, ал «Кафе» санатында Nice деңгейіндегі сапа белгілері «Dostar Tau» және «Dostar TÖR»мекемелеріне берілді.
Сапа белгісін алу-бұл қызмет көрсетудің жоғары деңгейін лайықты мойындау ғана емес, сонымен қатар өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосудың көрсеткіші. Бұл жетістік клиенттер тарапынан сенімді нығайтуға, сондай-ақ Ақмола облысында туризмнің беделін арттыруға ықпал етеді.
Бұл марапат кәсіпорындардың сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылысын және қызметтерді жақсартуға үздіксіз ұмтылысын растайды. Сапа белгісін алған әрбір нысан туризмнің дамуына өз үлесін қосты және олардың жетістіктері бүкіл салаға шабыт береді.