Белградта өткен халықаралық конференцияға Көкшетау мұғалімдері қатысты. Сонымен қоса, Қазақстан намысын жоғары деңгейде қорғады. Бұл форумда әлемнің түкпір-түкпірінен білім беру саласының жетекші мамандары мен зерттеушілері бас қосты. Сондай-ақ, білімдегі жаңа тенденциялар мен шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Конференцияға NIS Көкшетаудан үш педагог қатысты: ағылшын тілі мұғалімі — Сая Рахимбекова, физика пәнінің мұғалімі — Сергей Кошкин және биология пәнінің мұғалімі — Жанар Шахметова. Олардың қатысуы кәсіби шеберлік пен Қазақстан білім саласында заманауи тәсілдерді енгізуге деген ұмтылыстың айқын дәлелі болды.
Сая Рахимбекова мұғалімдердің әл-ауқаты мен кәсіби мотивация туралы зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Бұл тақырып Қазақстандағы реформалар контексінде ерекше қызығушылық туғызды.
«Маған бұл іс — өзіме жаңа сынақ және мүмкіндік. Қорқынынан болса да, барынша сенімді түрде сөйлеуге тырыстым. Әріптестердің зерттеуіме деген қызығушылықтары қуантты», — деді ол.
Физика мұғалімі Сергей Кошкин әр түрлі елдердегі мұғалімдермен пікір алмасу оның білімге жаңа көзқарас әкелгенін атап өтті:
«Бұл тәжірибе мені білімнің қазіргі әлемдегі рөліне басқаша қарауға жетеледі. Әріптестермен араласу кәсіби көкжиегімді кеңейтті, білім саласындағы зерттеулер қоғамдағы әділдік пен инклюзивтілікті қалыптастыруда негізгі құрал екенін көрсетті», — деді физика пәні мұғалімі.
Биология мұғалімі Жанар Шахметова ағылшын тілінде оқытудағы инновациялық әдіснамасын таныстырды:
«Халықаралық тәжірибелер мен біздің әдістеріміздің үндесіп жатқаны қуантады. Бұл конференция екі тілде (билингвальді) STEM білімін дамытуға шабыт берді және оқушылармен жұмыс жасауда жаңа тәсілдерді қолдануға ынталандырды», — деді ол.
Қатысушылардың айтуынша, ECER 2025 конференциясы Қазақстан үшін халықаралық аренада өз мүмкіндігін көрсету ғана емес, сондай-ақ кәсіби өсуге жол ашатын маңызды қадам болды. Мұндай шаралар әлемдік үздік практикаларды енгізуге, жаңа идеяларға шабыт алуға және білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.