13.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетаудағы NIS оқушылары Infomatrix Asia 2026 халықаралық байқауында топ жарды

Көкшетаудағы NIS оқушылары Infomatrix Asia 2026 халықаралық байқауында топ жарды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетаудағы NIS-тің оқушылары Infomatrix Asia 2026 халықаралық инновациялық технологиялар байқауында үздік нәтиже көрсетті. Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша мектеп командалары екі бірінші және екі үшінші орынды иеленіп, жаратылыстану ғылымдары мен цифрлық өнер саласындағы дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Он жыл бойы Infomatrix Asia жас зерттеушілер үшін негізгі алаң болып келеді, ал 2026 жылы байқау қатаң іріктеуден өткен 10 елден 250-ден астам команданың басын қосты. Жоғары бәсекелестік жағдайында Көкшетаудағы NIS оқушыларының жобалары бірнеше негізгі санат бойынша халықаралық қазылар алқасының сарапшылық ризашылығына ие болды.

Hardware Control секциясында құрамында Юсуф Мухамбеткалиев, Қайрат Ескен және Даниэль Жакупов бар OnAITynys командасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Олар бронх демікпесімен ауыратын балаларға арналған инновациялық құрылғыны таныстырды.

«Жоба идеясы бронх демікпесі бар балаларға көмектесу қажеттілігінен туындады. Осы аурумен өзім де бетпе-бет келген адам ретінде тыныс алу мен ағза көрсеткіштерін уақтылы бақылаудың қаншалықты маңызды екенін білемін. Негізгі мақсат – ұстама қаупін алдын ала ескертетін, ата-аналар мен дәрігерлерге дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік беретін құрылғы жасау болды», – дейді Юсуф.

Осындай табысқа AI Programming санатында Дария Сейтжан, Мансур Ыдырыс және Дәмелі Жанбыршыдан құралған Januya командасы да қол жеткізді. Januya жобасы – құстардың мінез-құлқы мен дене қызуы арқылы ауруларын бірден анықтауға мүмкіндік беретін құс шаруашылығына арналған бірегей экожүйе. Жасанды интеллектті қолданудың арқасында жүйе денсаулық жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізеді, бейнебақылау жасап, ауытқуларды анықтайды және фермерлерге автоматты түрде хабарлама жібереді.

Startup бағытында Нұрай Нұралы мен Ренат Абулгазиннен құралған Novalab командасы мен Prometheans командасы қола жүлдегер атанып, лайықты нәтиже көрсетті. Prometheans командасының мүшелері Арнур Ильясов, Мухамед Асылбек және Ескендір Ерікұлы орман өрттерін ерте анықтауға арналған «Forest Fire Alarm System» жобасын әзірледі, бұл жүйе апаттардың алдын алуда маңызды рөл атқара алады. Бұл әзірлеме қоршаған ортадағы қауіпті өзгерістерді тіркейтін кешенді датчиктер жүйесінен тұрады.

«Біздің жобамыз орман өрттерін ерте кезеңде жедел анықтауға және олардың таралуын болжауға мүмкіндік береді, бұл құтқару қызметтеріне тезірек әрі тиімдірек әрекет етуге жағдай жасайды», – деп бөлісті Ескендір Ерікұлы.

11-сынып оқушысы Юсуф Мұхамбетқалиевтің академиялық әлеуетінің мойындалуы байқаудың ерекше жетістігі болды. Инновациялық шешімдерді әзірлеудегі үздік табыстары үшін ол Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны – Сәтбаев университетінде (Satbayev University) білім алуға арналған оқу грантына ие болды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
13.2 ° C
13.2 °
13.2 °
44 %
2kmh
0 %
Пн
13 °
Вт
14 °
Ср
13 °
Чт
11 °
Пт
6 °

Соңғы мақала