8.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда әйел денсаулығына қатысты кеңестер берілді

Көкшетауда әйел денсаулығына қатысты кеңестер берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда тұрғындардың небәрі үштен бірі ғана дәрігерге тұрақты түрде қаралады. Ал Еуропада бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жетеді. Бұл деректер Көкшетауда өткен «Денсаулық – отбасы бақытының кепілі» атты конференцияда айтылды. Іс-шараны қалалық Аналар кеңесі мен «Пробуждение» қауымдастығы ұйымдастырды. Жиынның мақсаты – әйелдердің назарын профилактика мен дер кезінде тексерілудің маңыздылығына аудару, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Қоғам қайраткері әрі «Пробуждение» жобасының ұйымдастырушысы Марал Кенжахимова әйелдер денсаулығының отбасы үшін үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

«Көп жағдайда аналар балалардың денсаулығына баса мән береді де, өз денсаулығын кейінге қалдырады. Бүгін дәрігер-гинекологтар, эндокринологтар, педиатрлар мен терапевтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, профилактиканың маңызын түсіндіріп жатыр. Себебі бұл — бақытты отбасының кепілі», — деді ол.

Платформаның негізін қалаушы әрі спикер Арман Басабаев денсаулық туралы хабардарлықтың әлі де төмен деңгейде екенін атап өтті.

«Қазақстанда жыл сайын шамамен 6,5 миллион адам ғана дәрігерге қаралады. Бұл — ел халқының үштен бірі. Ал Еуропада әр адам жылына орта есеппен 4–8 рет дәрігерге барады. Айырмашылық өте үлкен. Егер кофе ішуге жұмсалатын уақыттың бір бөлігін медициналық тексеріске арнасақ, бұл – денсаулық пен ұзақ өмірге жасалған алғашқы қадам болар еді», — деді ол.

23 жылдық еңбек өтілі бар педиатр Гүлнар Балташева әйелдердің барлық жас санаты үшін мұндай кездесулердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Соңғы жылдары адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы жиі байқалады. Уақытында тексерілмеу мен скринингтен өтпеу кейде ауыр және қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін», — деді дәрігер.

Конференция барысында мамандар статистикалық деректерді ұсынды, ауруларды ерте анықтау мен алдын алу жолдарын талқылады. Спикерлер профилактикалық тексерулердің маңызын түсіндіріп, әйелдерді өз денсаулығына мұқият қарауға шақырды.

Қатысушылардың пікірінше, осындай кездесулер пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, әйелдерді уақтылы тексеруден өтуге және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
8.2 ° C
8.2 °
8.2 °
23 %
6kmh
0 %
Чт
8 °
Пт
7 °
Сб
7 °
Вс
5 °
Пн
9 °

Соңғы мақала