17.9 C
Kokshetau
Басты бетБрифингКөкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Шолпан Айтқожина, брифинг барысында сыйлықтың мән-маңызы мен биыл енгізілген жаңа бағыттары туралы баяндады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аталған премия еліміздің қоғамдық және экономикалық өміріне елеулі үлес қосып жүрген жас азаматтарды қолдау мақсатында 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар марапаты. Бұл жастар сыйлығы ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Спикердің айтуынша, биыл сыйлық құрылымына бірқатар жаңашылдықтар енгізілген. Атап айтқанда, номинациялар саны былтырғы 7 бағыттан 10-ға дейін кеңейтіліп, ғылым, медицина, креативті индустрия, IT және атом өнеркәсібі сынды жаңа салаларды қамтыды.

«Jas Keñes Sıylığı – жастарға көрсетілген сенімнің және олардың еңбегінің бағалануының көрінісі. Бұл марапат нағыз еңбегімен ерекшеленген жас азаматтарды ел алдында танытуға мүмкіндік береді. Биылғы жаңа номинациялар қоғамдағы өзекті салаларға бағытталып отыр», деді Шолпан Айтқожина.

Сыйлықтың 10 негізгі номинациясы:
• «Janqıarlyq» – құқық қорғау органдары мен әскери салада қызмет ететін жастарға;
• «Altyn jürek» – медицина саласындағы мамандарға;
• «Önerkäsıp» – өндіріс және өнеркәсіп өкілдеріне;
• «Bolaşaq turaly qamqorlyq» – әлеуметтік сала мен волонтерлік бағыттағы жастарға;
• «Bılım jäne Ğylym» – педагогтер мен жас ғалымдарға;
• «Qaisar» – төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне;
• «Altyn qol» – жұмысшы мамандықтар мен тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкерлеріне;
• «Zharyq» – энергетика және атом саласындағы мамандарға;
• «Örken» – ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп қызметкерлеріне;
• «Örleu» – ақпараттық технологиялар мен креативті индустрия саласының мамандарына арналған.

Сыйлыққа 35 жасқа дейінгі кез келген қазақстандық азамат қатыса алады. Өтінімдер 2025 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында www.jas-kenes.kz/application сайтында қабылданады. Байқау қорытындысы бойынша әр номинациядан екі жеңімпаздан, жалпы саны 20 лауреат анықталады. Әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден қаржылай сый табысталады. Жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге.

Сыйлықтың бас серіктесі – «Brave Talents» компаниясы. Ал толық ақпарат www.jas-kenes.kz сайтында қолжетімді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
17.9 ° C
17.9 °
17.9 °
62 %
2.1kmh
90 %
Вт
18 °
Ср
23 °
Чт
24 °
Пт
26 °
Сб
20 °

Соңғы мақала