-26.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЭкономикалық серпіліс: Ақмоладағы мол астық пен мыңдаған жаңа жұмыс орны

Экономикалық серпіліс: Ақмоладағы мол астық пен мыңдаған жаңа жұмыс орны

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өңірде негізгі салалардың даму қарқыны жоғары деңгейде сақталып келеді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және көлік салаларында өсім байқалды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Ауыл шаруашылығы өңір экономикасының басты бағыттарының бірі болып қала беруде. Биыл егіс алқабының 97 пайызы жиналды. Жалпы 7,3 миллион тонна астық бастырылып, соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Сонымен қатар ет пен сүт өндіру көлемі де артқан. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылыс саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде, инженерлік инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Сауда мен қызмет көрсету саласында да серпін бар — сату көлемі артып, жаңа кәсіпорындар ашылуда.

Облыста жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың табысын арттыруға ерекше назар аударылған. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда.

«Барлық салада 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл – өңірде жаңа мүмкіндіктердің пайда болып жатқанын көрсететін жақсы көрсеткіш. Біз кәсіпкерлікті қолдауды жалғастырып, тұрғындарға тұрақты жұмыс тауып, өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасай береміз», – деді Ернар Жаркешов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта өңірге инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту жұмыстары жалғасады.

Негізгі мақсат – тұрақты экономика құру, халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірдің дамуын қамтамасыз ету.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
-26.9 ° C
-26.9 °
-26.9 °
100 %
1.7kmh
78 %
Ср
-15 °
Чт
-9 °
Пт
-4 °
Сб
-3 °
Вс
-2 °

Соңғы мақала