-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЭКО және әйелдің репродуктивті денсаулығы: заманауи әдістер мен маңызды кеңестер

ЭКО және әйелдің репродуктивті денсаулығы: заманауи әдістер мен маңызды кеңестер

Сондай-ақ, оқыңыз...

Барша әйел үшін ана болу – өмірдегі ең маңызды әрі сезімтал кезең. Кейде табиғи жолмен бала көтеру мүмкіндігі болмауы мүмкін, сол кезде заманауи медицина әйелдерге ЭКО (жатырдан тыс ұрықтандыру) арқылы көмек ұсынады. Бұл туралы сұхбат барысында Көкшетау қалалық емханасының акушерия және гинекология бойынша бас дәрігердің орынбасары Жұлдыз Алпилам мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Соңғы жылдары бедеулік проблемасы жиілеп отыр. Оның негізгі себептері – өмір салты, физикалық белсенділіктің аз болуы, гормоналды бұзылыстар, семіздік, сондай-ақ инфекциялық аурулар. Ер адамдар арасындағы бедеулік те өсіп келеді. Дегенмен, көп жағдайда ерте дәрігерге қаралу арқылы, тиісті емдер мен коррекция арқылы мәселе шешіледі. ЭКО тек репродуктивті бұзылыстар кезінде, мысалы, жатыр түтікшелері зақымданған немесе басқа медициналық кедергілер бар жағдайда ұсынылады.

«ЭКО-ның сәттілігі әйелдің жасына да байланысты. Әдетте, ЭКО 20–43 жас аралығындағы әйелдерге ұсынылады. Сонымен қатар, аналық жасушалардың саны 6–7-ден кем болмауы керек. Егерде эмбриондардың сапасы нашар болса, оны жатырға орналастырмайды»,-деді Жұлдыз Алпилам.

ЭКО-ға дайындық кезеңі де маңызды. Әйел мен ер адам медициналық тексерістен өтіп, гормоналды жағдайы тексеріледі, қажет болса эндокринолог, мамолог мамандарына қаралады.

«Сонымен қатар, психологиялық дайындық, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден арылу өте маңызды. Өйткені сәтті нәтиже тек медициналық дайындықпен ғана емес, эмоционалды және моральдық тұрғыдан дайын болумен де байланысты»,-дейді дәрігер.

Заманауи ЭКО әдістері әртүрлі: классикалық ЭКО, ИКСИ, генетикалық скрининг сияқты тәсілдер бар. Олардың әрқайсысы жеке көрсеткіштерге байланысты таңдалады.

«Жүктіліктің алдында барлық жағынан, яғни психологиялық, медициналық тексерістерден өтіп, эмоциялық тұрғыдан да дайын болса, оң нәтижесін берері сөзсіз»,-деп қорытындылады Жұлдыз Алпилам.

Эмоциялық және психологиялық дайындық та шешуші рөл атқарады. Кейде ЭКО нәтижесіз болуы мүмкін, сондықтан әйел эмоционалды күйзеліске түспеуі үшін қолдау қажет. Отбасылық қолдау, бір-біріне сенім және мамандардың кеңесі – сәттілікке жеткізетін негізгі факторлар.

Жалпы, ЭКО – әйелдердің армандарын жүзеге асыруға жол ашатын маңызды кезең. Әр әйелге медициналық және психологиялық тұрғыдан дайын болып, дұрыс ақпаратқа сүйеніп, білікті мамандарға жүгіну маңызды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
86 %
3kmh
75 %
Сб
0 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-17 °
Ср
-13 °

Соңғы мақала