8.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингӨңірде 140 мыңнан астам адам кәсіпкерлікпен айналысады

Өңірде 140 мыңнан астам адам кәсіпкерлікпен айналысады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекет басшысы атап өткендей, шағын және орта бизнес — ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Бұл бағыттағы қолдау шаралары Ақмола өңірінің экономикалық өсуіне және жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына жол ашып отыр. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биылдың алғашқы үш айында шағын және орта бизнестің өңірлік ішкі өнімдегі үлесі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,5 пайызға артқан. Қазір кәсіпкерлік саласында 140 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл облыс тұрғындарының әрбір үшінші адам кәсіпкерлікпен немесе осы саладағы жұмыс орындарымен байланысты деген сөз.

«Мемлекет кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетуде. Биыл осы мақсатқа 8,8 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат 70-тен астам бизнес жобаны жүзеге асыруға бағытталған. Оның ішінде жеңілдетілген несиеге субсидия беру, кепілдік беру, гранттық қаржыландыру және инфрақұрылым тарту жұмыстары бар»,-деп атап өтті Жаркешов.

Субсидиялау бағыты бойынша 7,6 миллиард теңге бөлініп, 47 жаңа жоба қолдауға ие болды. Кепілдік беру арқылы 20 кәсіпкер өз ісін бастауға немесе кеңейтуге мүмкіндік алды. Ал гранттық қаржыландыру конкурсы қазан айында басталды. Бұл бағдарлама жас және жаңа кәсіпкерлер үшін тиімді мүмкіндік болып отыр.

Кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Инженерлік желілер тартуға жарты миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Мысалы, Central Place компаниясы жаңа трансформаторлық станса салып, электр, су және кәріз жүйелерін тартуда. Ал Ен-Дала кәсіпорны да электр желілерін жүргізіп, инфрақұрылымды нығайтып жатыр.

«Бұл жобалар кәсіпкерлерге өз ісін оңай әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Жаңа өндірістер мен қызмет түрлері ашылып, өңірде жұмыс орындарының саны артып келеді. Кәсіпкерліктің дамуы халықтың тұрмыс сапасын көтеруге де әсер етуде»,-деді спикер.

Осындай қарқынды қолдау шараларының арқасында облыс шағын және орта бизнесті дамытуда тұрақты өсімге қол жеткізіп отыр. Бұл алдағы жылдары өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналуына жол ашады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
8.2 ° C
8.2 °
8.2 °
23 %
6kmh
0 %
Чт
8 °
Пт
7 °
Сб
7 °
Вс
5 °
Пн
9 °

Соңғы мақала