-4.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарГранитный ауылына көптен күткен асфальт жол салынды

Гранитный ауылына көптен күткен асфальт жол салынды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Гранитный ауылының тұрғындары көптен күткен жаңалыққа қол жеткізді. Елді мекенге облыстық маңызы бар трассадан жаңа асфальт жол төселді. Жөндеу жұмыстарын «Көкшетау жолдары» ЖШС мамандары орындады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұзындығы 4,1 шақырым болатын жол учаскесі соңғы рет күрделі жөндеуді шамамен 10 жыл бұрын көрген. Бұған дейінгі ағымдағы жөндеулер нәтиже бермеген, себебі карьерлерден қатынайтын ауыр жүк көліктері жолдың бетін тез бұзып келген.

Ауыл тұрғындары бірнеше рет аудан әкімдігіне жүгінген. Нәтижесінде конкурс арқылы «Көкшетау жолдары» кәсіпорны мердігер ретінде таңдалып, бар жұмыстарды бір айдың ішінде толық аяқтады.

«Тұрғындардың өтініші бойынша дайындық жүргізіліп, мердігер анықталды. Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталды, сапасы талаптарға сай», — деді Қонысбай ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Еслямбеков.

Оның айтуынша, жаңа жол ауылдың дамуына серпін бермек.

 

«Гранитный ауылы Көкшетауға жақын орналасқан. Мұнда орталықтандырылған жылыту, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бар. Енді жаңа жол елді мекеннің қайта жандануына ықпал етеді. Бүгінде ауылда 515 адам тұрады, — деп атап өтті әкім.

«Көкшетау жолдары» кәсіпорнының прорабы Дмитрий Литвиновтың айтуынша, нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.Жолдың негізі 20 сантиметр қалыңдықта төселіп, үстіне 6 сантиметрлік асфальт-бетон жамылғысы салынды. Жұмысқа 25 техника және 30-ға жуық маман – жолшылар, механизаторлар мен инженерлер жұмылдырылған.

Дмитрий Литвинов жол сапасы жоғары деңгейде екенін және барлық жұмыстар технологияға сай орындалғанын атап өтті.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
-4.7 ° C
-4.7 °
-4.7 °
63 %
4.6kmh
20 %
Ср
5 °
Чт
7 °
Пт
8 °
Сб
7 °
Вс
6 °

Соңғы мақала