12.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЕсіл ауданында білім саласы қолжетімді бола түсті

Есіл ауданында білім саласы қолжетімді бола түсті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Есіл ауданында білім беру саласы қарқынды дамып келеді. Жаңа технологиялар енгізіліп, мектептердің жабдықталуы жақсаруда. Балалардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасалып, әлеуметтік қолдау шаралары да жүзеге асырылуда. Бұл туралы Есіл аудан әкімінің орынбасары Ерлан Сыздықпаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Ауданда 32 білім беру ұйымы бар. Мектептерде 600 жуық педагог жұмыс істейді, оның арасында жас мамандар да бар. Ерлан Сыздықпаевтың айтуынша, ауылды жерге жас мамандарды тарту үшін барлық жағдай жасалып келеді.

«»Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 13 мұғалім 4,8 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алса, 2 педагог 7,3 млн теңгеге тұрғын үйге бюджеттік несие рәсімдеген. Одан бөлек, ауданда үш қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді. Олар Балалар музыка мектебі, Жасөспірімдер шығармашылық үйі және Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Бұл балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.» деді ол.

2024 жылы «Цифрлық мұғалім» жобасы басталып, оқушыларды қорытынды емтихандарға дайындау үшін электронды білім беру платформалары қолжетімді бола түсті. Бұл балаларға өз бетінше дайындалуға және білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін көрінеді.

Сондай ақ ауданда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру кабинеттері де бар. Олар №2 ЖББМ, Ақсай және Красивое ауылдарында жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы қосымша кабинет ашу жоспарланған. Сонымен қатар, сөйлеу қабілеті бұзылған және психологиялық қиындықтары бар балалар үшін де арнайы түзету кабинеттері мен логопункттер жұмыс істейді.

Айта кету керек, мектеп қабырғаларында оқушылардың қауіпсіздігі де жіті бақылауда. Бейнебақылау камераларынан бөлек, дабыл түймелері мен күзет қызметі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Төрт мектепте «Алақан» биометриялық жүйесі енгізіліп, оқушылардың сабаққа қатысуы бақылауға алынған.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light rain
12.7 ° C
12.7 °
12.7 °
81 %
2.5kmh
99 %
Ср
13 °
Чт
19 °
Пт
16 °
Сб
19 °
Вс
20 °

Соңғы мақала