-20.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингЕгістіктен ауруханаға дейін: цифрландыру Ақмола облысын қалай өзгертуде

Егістіктен ауруханаға дейін: цифрландыру Ақмола облысын қалай өзгертуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласына — ауыл шаруашылығынан бастап медицина мен қауіпсіздікке дейін біртіндеп енгізіліп келеді. Өткен жылы өңірде деректерді біріктіруге және мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ірі жобалар іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Smart Aqmola» КММ басшысының орынбасары Асылбек Байборанов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Цифрлық экожүйенің өзегіне Smart Aqmola айналды. Ол платформа, ситуациялық орталық және Ai-Komek (109/112) байланыс орталығын біріктіреді. Спикердің айтуынша, платформа экономика, ТКШ, көлік, медицина және ауыл шаруашылығы салаларындағы бытыраңқы деректерді жинақтайды. Бұл жедел шешім қабылдауға және өңірдің дамуын болжауға мүмкіндік береді. Тек 2025 жылдың өзінде байланыс орталығына тұрғындардан 40 мыңнан астам өтініш түскен.

«Орталық барлық ведомстволардың деректерін біріктіріп, басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Бұл тұрғындар үшін көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетеді», — деді Байборанов.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Енді аграршыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау «бір рет басу» қағидаты бойынша жүзеге асады. Жасанды интеллект жердің мақсатты пайдаланылуын бағалап, көмекті тек адал шаруашылықтарға бағыттауға көмектеседі.

Қауіпсіздік саласында 1000 жаңа бейнекамера орнатылып, 500-ден астамы жүйеге біріктірілді. Олар құқық бұзушылықтарды тіркеп, көліктің нөмірін, маркасы мен түсін таниды. Дрондар су тасқынын, өрттерді, қоқыс орындарын және жылу жоғалтуларын бақылауда ұстайды. Бес орман шаруашылығында орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылды, алдағы уақытта оны бүкіл облысқа кеңейту жоспарлануда.

2025 жылдың желтоқсанында Көпбейінді облыстық және Атбасар ауданаралық ауруханаларында жедел ми қан айналымының бұзылуын диагностикалауға арналған Cerebra жүйесі іске қосылды. Алғашқы апталарда ол 64 зерттеуді талдады. Ascle AI платформасы дәрігерлердің құжат айналымын 40 пайызға қысқартып, алдын ала диагноз қою дәлдігін 95 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба Ақкөл, Қосшы, Көкшетау және Степногорск қалаларын қамтып, оған 22 дәрігер қатысуда.

Ақмола облысында телекоммуникация саласы да қарқынды дамып келеді: Көкшетауда 15 дана 5G базалық станциясы іске қосылды, 37 ауыл OneWeb желісіне тегін Wi-Fi арқылы қосылды, тағы 24 елді мекен Starlink жүйесіне қол жеткізді.

Сонымен қатар Aqmola Hub білім беру платформасы дамуда. 2025 жылы 80-нен астам іс-шара өтіп, оған 2700-ден аса адам қатысты. Тұрғындарға бағдарламалау, деректерді талдау және жасанды интеллект бойынша курстар ұсынылуда.

«Біздің мақсат — тек технологияларды енгізу ғана емес, тұрғындарды оларды тиімді пайдалануға үйрету. Бұл өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Байборанов.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-20.8 ° C
-20.8 °
-20.8 °
77 %
6kmh
0 %
Пт
-23 °
Сб
-16 °
Вс
-14 °
Пн
-12 °
Вт
-12 °

Соңғы мақала