-29.3 C
Kokshetau
Басты бетБрифингЕгіндікөл ауданында әлеуметтік қолдау жаңа деңгейге жетті

Егіндікөл ауданында әлеуметтік қолдау жаңа деңгейге жетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Егіндікөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінуде. Одан бөлек халықты сапалы медициниалық қызметпен қамтуды басты назарға алып отыр. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ерік Жиенбеков журналистермен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Егіндікөл ауданында әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылып келеді. Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында елуге жуық адам түрлі бағыттарда қолдау алды. Оның ішінде жастар тәжірбиесі де бар.

Ерік Жиенбековтың айтуынша, ауданда «Күміс жас» жобасы мен «Бірінші жұмыс орны» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Атаулы көмек 13 отбасыға төленіп, олардың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Бұл шаралар, әсіресе, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Ауданның денсаулық сақтау саласында да маңызды өзгерістер орын алуда. Қазіргі таңда ауданның медициналық қызмет көрсету жүйесіне орталық аудандық аурухана, емхана, күндізгі стационар мен 10 медициналық пункт кіреді.

«Ауданға ақ халаттыларды тарту жұмысы да сәтті жүргізуліде. Мысалы өткен жылы екі жаңа дәрігер жұмысқа қабылданып, олар тұрғын үймен қамтылған. Бұл ауылдық жерлерде кадр тапшылығын шешу мақсатында жасалған қадам болып табылады», — дейді аудан әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, аудандағы медициналық мекемелер мен мектептердің асханалары жаңартылып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бауман ауылында жаңадан салынған фельдшерлік-акушерлік пункт жергілікті тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-29.3 ° C
-29.3 °
-29.3 °
93 %
1.4kmh
5 %
Чт
-21 °
Пт
-20 °
Сб
-16 °
Вс
-14 °
Пн
-14 °

Соңғы мақала