17.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар"Еңбек күні" қарсаңында Ақмола облысының жұмысшылары марапатталды

«Еңбек күні» қарсаңында Ақмола облысының жұмысшылары марапатталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында Еңбек күні кеңінен аталып өтті. Мерекеге түрлі салада 35-40 жылдан астам уақыт еңбек еткен мамандар шақырылып, олардың еңбектері лайықты бағаланды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Теміржол, шахта, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп саласында еңбек етіп келе жатқан азаматтар арнайы марапаттарға ие болды. Ұйымдастырушылар бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, әрбір маманға алғыс білдірді.

«Баршаңызды Еңбек күнімен құттықтаймын. Еңбек – берекенің, байлықтың бастауы», – деді Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматтулина.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысып, өңірде биыл 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын айтты. Оның 17 мыңға жуығы тұрақты жұмыс екеніне ерекше тоқталды.

«Біз тек санға ғана емес, сапалы жұмыс орындарына назар аударамыз. Жаңа кәсіпорындар ашылып, көптеген адамдар тұрақты табысқа ие болды. Бұл облыс экономикасын дамытуға ғана емес, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға да үлес қосады», – деді ол.

Салтанатты жиында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.

Солардың бірі «Экологияға қосқан үлесі үшін» номициясымен Біржан сал ауданындағы «Семізбай-U» ЖШС басшысы Сатанов Біржан Болатұлы бұл марапаттың ерекше екенін айтып өтті.

«Бұл марапаттың орны ерекше. Серіктестік барынша атсалысып қызмет етуде. Бұл біздің ғана жеңіс емес, барша жергілікті тұрғындардың жеңісі»,-деді ол.

Еңбек күні – әр сала маманының ел үшін жасаған еңбегін мойындап, құрмет көрсететін мереке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, қарапайым еңбек иелерінің ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткен болатын. Президенттің айтуынша, «Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру – еліміздің тұрақты дамуының басты кепілі».

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
17.2 ° C
17.2 °
17.2 °
55 %
4kmh
0 %
Чт
19 °
Пт
22 °
Сб
11 °
Вс
5 °
Пн
7 °

Соңғы мақала