-5.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Чемпиондық рух» Ақкөл жастарына жаңа серпін берді

«Чемпиондық рух» Ақкөл жастарына жаңа серпін берді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақкөл ауданында «Чемпиондық рух» республикалық жобасы аясында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа қызығушылықты арттыру мақсатында өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, елімізге белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері және ауданның белсенді жастары қатысты. Қатысушылар спорттық эстафеталар мен шеберлік сабақтарында өз шеберліктерін сынап, белгілі спортшылармен еркін әңгімелесу, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай бейресми кездесулер жастардың мотивациясын арттырып, алдағы мақсаттарына жетуге серпін берді. Жоба «AMАNAT» партиясының қолдауымен жүзеге асырылған.

«Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты дене шынықтыру мен спортқа баулу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және елге деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. «Чемпиондық рух» жобасы арқылы ұйымдастырушылар жастарды тек спортқа ғана емес, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуді көздейді»,- деп мәлімдеді.

Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар жобаның маңыздылығын ерекше атап өтіп, мұндай бастамалардың жастар үшін аса қажет екенін жеткізді.

 

«Бүгінгі іс-шара біз үшін ерекше әсер қалдырды. Белгілі спортшылармен кездесіп, олардың жетістікке қалай жеткенін тыңдау бізге үлкен мотивация болды. Осындай шаралар біз сияқты жастарға үлкен мүмкіндік береді – армандауға, мақсат қоюға және соған ұмтылуға. «Чемпиондық рух» жобасы шынымен де болашақ чемпиондардың рухын оятады деп ойлаймыз»,-деп жылы лебіздерін білдірді.

Ақкөл ауданында өткен бұл күн жас ұрпақтың жігері жанып, оларды жаңа белестерге жетелейтін маңызды қадамға айналды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-5.7 ° C
-5.7 °
-5.7 °
94 %
6.4kmh
100 %
Сб
-5 °
Вс
-14 °
Пн
-9 °
Вт
-2 °
Ср
-3 °

Соңғы мақала