5.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЦелиноград ауданында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Целиноград ауданында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жаңажол ауылында салынып жатқан 80 оқушыға шақталған жаңа білім ошағын Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай тапсыру жоспарланған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Жаңажол ауылындағы негізгі орта мектеп ғимараты 1963 жылы салынған. Қазіргі уақытта мұнда 57 оқушы білім алуда, ал жаңа мектеп оларға сапалы және заманауи оқу ортасын ұсынуды көздейді.

Мектеп құрылысы төрт жыл бұрын басталғанымен, әртүрлі себептерге, соның ішінде мердігерлердің ауысуына байланысты, жұмыстар ұзаққа созылған. Аудан әкімі Дарын Сабырғали жаңа мердігермен кездесіп, құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдерін талқылап, нысанды белгіленген мерзімде тапсыру қажеттігін атап өтті.

«Жалпы аумағы 3,4 мың метрді құрайтын мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған», — дейді Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімінен.

Айта кету керек, ауданда қазіргі уақытта 50 мектеп жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам оқушы білім алады. Оларды 2707 педагог оқытады. Білім сапасын арттыру мақсатында бірнеше мектепте пәндік кабинеттер жаңадан жабдықталды, сондай-ақ инклюзивті білім беру кабинеттері ашылды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
5.2 ° C
5.2 °
5.2 °
36 %
7kmh
0 %
Ср
5 °
Чт
7 °
Пт
7 °
Сб
6 °
Вс
4 °

Соңғы мақала