Целиноград ауданында жаңа ақпараттық медиа орталық өз жұмысын бастады. Бұл орталық өңірдегі маңызды жаңалықтарды жеткізіп, қоғамның белсенді өмірін насихаттайтын заманауи медиа-платформа болмақ, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бұл орталық билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтатын ақпараттық алаңға айналады. Мемлекеттік органдардың қызметін, жастар бастамаларын, талантты азаматтардың жетістіктерін насихаттау – негізгі мақсаттарының бірі. Сонымен қатар, қызықты сұхбаттар, шабыттандыратын оқиғалар және ауданның әлеуметтік-мәдени өміріндегі басты жаңалықтар дәл осы орталық арқылы халыққа тарайтын болады.
«Біз жаңа орталықтың аймақ тұрғындарының басты ақпараттық көзіне айналатынына және жаңа идеялар мен бастамаларды қолдайтынына сенімдіміз. Жаңа медиа орталықтың жұмысы қоғамды ақпараттандырумен қатар, белсенді азаматтардың дамуына және өңірдің өркендеуіне үлес қосуға бағытталған», – деп атап өтті Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі.
Орталық міндеті әлеуметтік желі, БАҚ беттерінде шыққан ақпараттарға тұрақты мониторинг жүргізу, қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу, әлеуметтік желілердің жұмысын жүргізу және оны дамыту, әкімдік және аудан имиджін көтеруге бағытталган роликтер мен инфографикалар, баннерлер әзірлеу, ай сайын медиа-жоспар дайындау, баспасөз парақтарын жүргізу. Бұл орталық мемлекеттік органдардың қызметін, жастардың бастамаларын, талантты азаматтарымыздың жетістіктерін насихаттап, қызықты сұхбаттар мен айтулы оқиғалар жариялайтын маңызды ақпараттық алаңға айналады.


