Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Целиноград ауданының тұрғындары үшін қуанышты оқиға орын алды. Мерекеде 45 отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Цнлиноградтттық тұрғындар үшін бұл күн нағыз тарихи сәтке айналды. Себебі, олар бұл баспаналарын көп жыл күткен екен.
Басана кілтін салтанатты түрде табыстау «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама әлеуметтік тұрғыдан осал топтардағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Аудан әкімі Дарын Сабырғали жаңа қоныс иелерін жеке құттықтап, бұл жобаның тұрғын үй құрылысындағы тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі екенін атап өтті.
Бес жылдан астам уақыт бойы салынып келген үй ақыры пайдалануға берілді. Енді оның тұрғындары жаңа өмір бастауға, жайлы жағдайларда тұруға мүмкіндік алады. Әр отбасы өз пәтерінің есігін ашқанда қуаныш пен бақыттың көз жасы, болашаққа деген сенім сезімдері олардың жүректерін толтырды.
Аудан тұрғындары Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлына тұрғын үй мәселесіне көрсеткен назарын және әлеуметтік мәселелерді шешудегі қолдауы үшін шынайы алғыс білдірді.
Мемлекеттік бағдарламаның және жергілікті биліктің күш-жігерінің арқасында ондаған отбасы көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізіп, болашаққа деген үміттерін жаңартты.
«Енді бұл үйлерде балалардың күлкісі, жылы отбасылық әңгімелер мен қуанышты сәттер естілетін болады. Жаңа пәтерлер олардың иелеріне шын мәнінде жайлылық, молшылық және бақ-береке орнаған мекен болсын!», — деп құттықтады аудан әкімі Дарын Сабырғали.