27.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБіржан сал ауданында үш мектеп жаңарды

Біржан сал ауданында үш мектеп жаңарды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жаңа оқу жылының басында Бiржан сал ауданында орналасқан үш мектеп – Андыкожа Батыр, Кенашы, Макинка ауылдарындағы білім ордалары жаңартылып, өз оқушыларына есігін айқара ашты. Қазіргі таңда бұл білім беру ұйымдары заманауи әрі жайлы кейіпке енді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Андыкожа Батыр ауылының мектебі 1980 жылы салынған. Мұнда 100-ден астам оқушы білім алады. Соңғы екі жылда білім ордасы айтарлықтай өзгеріп, тек оқушылар мен ұстаздар үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін де шынайы мәдени-рухани орталыққа айналды.

Жөндеу жұмыстары барысында инженерлік жүйелер, шатыр, еден, есік пен терезелер толықтай ауыстырылды. Оқу кабинеттері жаңа жиһазбен – парталармен, орындықтармен және шкафтармен жабдықталды.

«Күрделі жөндеу мектепке жаңа тыныс берді. Өзгерістер тек қабырғалар мен жиһазға ғана емес, білім сапасына да әсер етті. Оқушылар көбірек талпынып, олимпиадаларға, байқауларға, жобаларға белсенді қатыса бастады. Әсіресе, жаратылыстану пәндері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылық арта түсті», – деп айтты директордың міндетін атқарушы Аян Қалиев.

 

Сонымен қатар ауласы да абаттандырылды: жаяу жүргіншілер жолы төселіп, орындықтар мен көше шамдары орнатылды, демалыс аймағы мен белсенді үзілістер мен сыныптан тыс сабақтарға арналған шағын спорт алаңы жасалды.

«Ата-аналар да мектеп өміріне жиі араласа бастады, іс-шаралар мен жобаларға қолдау көрсетуде. Жаңа дәстүрлер қалыптасты: шығармашылық және спорттық шаралар, презентациялар, мектеп мерекелері көбейді», – деп толықтырды Қалиев.

Атап айтсақ, жоспарға сәйкес 2027 жылға дейін аймақта кешенді күрделі жөндеу мен жабдықтауды қажет ететін 90 мектеп реновациядан өтеді. Бұл өзгерістер әрбір ауыл мектебін тек білім ордасы ғана емес, сонымен бірге мәдениет пен қоғамдық өмірдің орталығына айналдыруға бағытталған.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
29 %
11kmh
0 %
Чт
27 °
Пт
24 °
Сб
11 °
Вс
7 °
Пн
8 °

Соңғы мақала