7.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБілім мен технология тоғысқан кезең: вице-министр Ақмолада жастармен кездесті

Білім мен технология тоғысқан кезең: вице-министр Ақмолада жастармен кездесті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Болашақта әр қазақстандық балаға білім алу үшін қаржы жинау жүйесі енгізілмек. Егер ата-аналар 5 жастан бастап ай сайын 1 АЕК көлемінде қаражат жинаса, бала 18 жасқа толғанда шамамен 3,4 миллион теңге, ал 3 АЕК мөлшерінде жинақтаса 5,3 миллион теңге қаражатқа ие болады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде айтты, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Ақмола облысында еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңа реформалар мен технологиялық бастамалар талқыланды. Вице-министр өңірге келіп, жоғары оқу орындарының ұжымымен және студент жастармен кездесті.

Сапардың басты мақсаты – білім жүйесін жаңғырту бағытындағы шараларды түсіндіру, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен білім саласы өкілдерінің ұсыныстарын тыңдау болды. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, зиялы қауым, оқытушылар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

«Президент тапсырмасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдардың басшылары өңірлерде халықпен және кәсіби қауымдастықтармен кездесулер өткізіп келеді. Бұл қоғаммен ашық байланыс орнатудың және нақты шешім қабылдаудың тиімді алаңы», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев.

Кездесуде вице-министр алдымен жоғары білім алу қолжетімділігін арттыру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, елімізде көптеген ата-аналар үшін баласының оқу ақысын төлеу – үлкен қаржылық жүк. Осы мәселені шешу мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізілуде.

«Ата-аналар бала дүниеге келген сәттен бастап жүйеге тіркеле алады. Егер 5 жастан бастап ай сайын 1 АЕК мөлшерінде қаржы салынса, мемлекет сыйақысымен бірге 18 жасқа келгенде шамамен 3,4 миллион теңге, ал 3 АЕК көлемінде жинақтаса 5,3 миллион теңге жиналады», – деді Талғат Ешенқұлов.

Бұл бастама – жоғары білімге тең мүмкіндік беру және отбасының әлеуметтік жүктемесін азайтуға бағытталған нақты қадам. Егер бала мемлекеттік грант иегері атанса, жиналған қаржыны үш бағытта пайдалануға болады:тұрғын үй сатып алуға;бауырының оқуын төлеуге;немесе оқуын аяқтаған соң ақшаны қолма-қол алуға.

Мемлекет қосымша қолдау ретінде 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК мөлшерінде бастапқы білім капиталы береді. Ең төменгі жылдық жарна – 24 АЕК, ал мемлекеттік сыйақы 5 пайыз.

«Бұл ата-аналардың баланың болашағына ерте бастан инвестиция салуына мүмкіндік беретін жүйе. Нәтижесінде, әр отбасында білімге деген көзқарас өзгереді, ал жастардың жоғары білім алу мүмкіндігі кеңейеді», – деді вице-министр.

Сондай ақ жиында AI-SANA бағдарламасының жұмысына да ерекше назар аударылды. Бұл жасанды интеллектті дамыту арқылы білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеруді көздейтін ұлттық жоба.

«AI-SANA бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады: алғашқы кезеңде базалық дағдылар қалыптастырылады, одан кейін оқыту, бизнес-акселерация және масштабтау бағыттары жүзеге асырылады», деді Талғат Ешенқұлов.

Қазір Қазақстанның 80 жоғары оқу орнында жасанды интеллект негіздері оқытылып жатыр. Университеттерде 119 AI агенті енгізілген, тағы 395 агент әзірлену үстінде. Бұл еліміздің цифрлық сауаттылығын арттырып, технологиялық буынды қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс.

«AI-SANA тек ІТ мамандары үшін емес, барлық салада еңбек ететін жастарға арналған бағдарлама. Болашақта жасанды интеллект құралдарын меңгеру еңбек нарығындағы табыстың негізгі шартына айналады», деп толықтырды вице-министр.

Жиын соңында тұрғындар мен білім саласының өкілдері өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
7.2 ° C
7.2 °
7.2 °
31 %
7kmh
0 %
Пт
7 °
Сб
5 °
Вс
7 °
Пн
10 °
Вт
7 °

Соңғы мақала