-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБалалар арасындағы буллингке қарсы жүйелі жұмыс

Балалар арасындағы буллингке қарсы жүйелі жұмыс

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазіргі таңда буллинг пен жасөспірімдер арасындағы жанжалдар — ерекше назарда. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылы орталыққа 600-ден астам өтініш келіп түссе, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында бұл көрсеткіш 1700-ге жуықтап, өтініштер саны күрт артқан, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

2024 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан Психологиялық қолдау орталығы осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуде. Орталықта тәжірибелі психологтар мен әдіскер мамандар қызмет етеді. Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін «сенім телефоны» арқылы балалар мен ата-аналарға жедел көмек көрсетіледі.

Орталықтың басты мақсаты — балалардың психо-эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру және білім алуына қолайлы орта қалыптастыру. Мамандар сенім телефонына түскен қоңырауларға жедел жауап беріп, алдымен баланың көңіл күйін реттеуге көмектеседі. Егер бір реттік кеңес жеткіліксіз болса, бала ата-анасының келісімімен орталыққа шақырылып, тереңірек психологиялық қолдау көрсетіледі.

«Өтініштердің басым бөлігі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы, жасөспірімдер арасындағы кикілжіңдер, және ата-анасының ажырасу салдарынан туындайтын психологиялық күйзелістер»,-деді Сайран Шокимова.

Мамандардың айтуынша, буллинг жағдайлары көбіне 5–6 сынып оқушылары арасында жиі кездеседі. Егер бұл кезеңде балалармен дұрыс жұмыс жүргізілсе, 8–9 сыныпта жағдай тұрақтала бастайды.

Қыркүйек айынан бастап орталыққа «балам жәбір көріп жүр» деген ата-аналардың қоңыраулары жиілеген. Мұндай жағдайда мамандар бірден мектеп әкімшілігімен хабарласып немесе мобильді топпен оқиға орнына барады. Бұл тек бір реттік емес, бірнеше сатылы көмек көрсету жүйесі арқылы жүзеге асады.

Буллинг — тек физикалық ғана емес, эмоционалдық қысым көрсетуді де қамтиды. Егер мұндай жағдайда бала ересектер тарапынан қолдау көрмесе, ол терең күйзеліске түсіп, өз-өзіне қол жұмсау қаупі туындайды.

«Арнайы есеп комитетінің деректеріне сәйкес, 2024 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасындағы аяқталған суицидтер 60%-ға, ал суицид әрекеттері 37,5%-ға азайған. Бұл — жүйелі профилактикалық жұмыстар мен уақтылы көрсетілген психологиялық көмектің нәтижесі»,-деді психологиялық қолдау орталығының басшысы.

Психологтардың пікірінше, ең бастысы — балаларды өз мәселесі туралы ашық айтуға, көмек сұрауға үйрету. Көп жағдайда балалар ішкі күйзелістерін жасырып, тұйықталып кетеді.

Мұндай жағдайда ата-аналар мен мұғалімдер 111 нөміріне немесе орталықтың «сенім телефонына» хабарласуы жеткілікті.

Буллинг — жай ғана кикілжің емес, ол баланың психологиялық денсаулығына ауыр әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алу — қоғамның, мектептің және ата-аналардың ортақ міндеті.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
93 %
4kmh
75 %
Сб
-0 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-18 °
Ср
-16 °

Соңғы мақала