1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАвтожол саласының ардагері

Автожол саласының ардагері

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазан айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда алғаш рет автомобиль көлігі және автожол саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Бұл күн жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірлерді байланыстыруға, экономиканы дамытуға және елдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға қажет автожолдарды салып, күтіп ұстаумен айналысатын адамдардың еңбегінің маңыздылығын атап өту мақсатында бекітілген, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Осы күні тек сала қызметкерлері ғана емес, ардагерлер де құттықтаулар қабылдайды.
Геннадий Васильевич Долгих – автожол саласының ардагері. Ол өмірінің көп бөлігін автожолдарға, олардың жөндеуіне және құрылысына арнаған. Көп жылдар бойы автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасының бастығы қызметін атқарды. Сондай-ақ бүгінде «Ақмолжолзертханасы» РММ-ін де басқарған. Геннадий Васильевич – өңірдің көптеген жобаларының жүзеге асырылуына қатысқан, облыс жолшыларының біртұтас ұжымының басында тұрған еңбегі сіңген жол саласының майталманы.

«Бүгінде автожол саласы сенімді қадамдармен алға жылжып келеді. Соңғы жылдары көптеген оң өзгерістер орын алды. Жаңа технологиялар енгізілуде, жаңа техника мен жабдықтар келіп жатыр, ал сапаны қамтамасыз ету мен бақылау – дамудың маңызды бағыты болып отыр. Мен өңірдің автожол саласында болып жатқан жаңалықтарды үнемі бақылап отырамын. Ең қуантатыны – жолшылар бізді ұмытпайды. Әр мереке сайын, мерейтойларда шақырып, келіп жағдайымызды сұрап, жаңалықтарымен бөлісіп, ақыл-кеңес сұрайды. Ең бастысы – саланың даму қарқыны. Біз бастаған істі бүгінде біздің ізбасарларымыз жалғастырып жатыр. Облыстың көптеген жол учаскелері қайта жаңғыртудан, жөндеуден өтуде», – деп бөлісті Геннадий Долгих.

Ардагердің айтуынша, әрбір шақырым жолды салу – ауыр, күрделі әрі ұқыптылықты талап ететін еңбек. Бұл үлкен жауапкершілік пен зор күш-жігерді қажет етеді. Сондықтан жолшылардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

«Мен бұл салада 40 жылдан астам еңбек еткен соң, оның болашағы мен үшін бейжай емес. Автожол саласын мен дамыған, мобильді, жүйелі жұмыс істейтін, ең озық технологияларды пайдаланатын сала ретінде көремін. Автожол саласы – бұл қауіпсіздік, жайлылық, сапа және тиімділік. Халық біздің еңбегімізді өз көзімен көре алады, жолдармен жүріп өтсе жеткілікті. Сондықтан барлығы халық үшін болуы қажет. Егер халық риза болса, онда жолшылардың алдына қойылған барлық міндеттер орындалды деп есептеуге болады», – деді Геннадий Долгих.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
1.2 ° C
1.2 °
1.2 °
93 %
6kmh
75 %
Пт
1 °
Сб
3 °
Вс
3 °
Пн
1 °
Вт
2 °

Соңғы мақала