16.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАуылдан басталған табыс: үздік агрофирмалардың тәжірибесі

Ауылдан басталған табыс: үздік агрофирмалардың тәжірибесі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазіргі таңда Ақмола облысында өңір экономикасының дамуына серпін беретін басты салалардың бірі ауыл шаруашылығы. Осы салада жетістікке жетіп отырған кәсіпорындардың ішінде Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы мен Жақсы ауданындағы «TNK» агрофирмасы ерекше атап өтуге тұрарлық, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Бұл кәсіпорындар заманауи технологияларды қолданып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден бастап оны өңдеуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының айтуынша, жергілікті кәсіпорындар өнім көлемін арттырып қана қоймай, облыс қазынасына көбірек салық түсіріп отыр.

 «Родина» агрофирмасында 1 гектар егістік жерге түсетін салықтық жүктеме шамамен 20 мың теңгені құрайды. Бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен (3193 теңге) бірнеше есе жоғары. Мұндай нәтиже тиімді басқару және заманауи технологияларды қолданудың нәтижесінде мүмкін болып отыр»,-деді ол.

Аталған агрофирмалардың табысты тәжірибесін  кеңейту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Қолдау түрлеріне жеңілдетілген несие, ауыл және мал шаруашылығын қаржыландыратын жаңа бағдарламалар, сондай-ақ кәсіпкерлерге тиімді шарттар ұсынылатын қаржылық құралдар жатады.

Мұндай қолдау кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын арттыруға және өңір экономикасына қосатын үлесін көбейтуге мүмкіндік береді.

«Родина» мен «TNK» агрофирмаларының жетістігі – ауыл шаруашылығы саласын дамытуда дұрыс бағыттағы саясаттың және нақты қолдау тетіктерінің жемісі. Бұл тәжірибені кеңінен енгізу арқылы өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін одан әрі арттыруға толық негіз бар.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
16.2 ° C
16.2 °
16.2 °
44 %
6kmh
0 %
Пн
17 °
Вт
16 °
Ср
17 °
Чт
16 °
Пт
18 °

Соңғы мақала