0.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАуылға бетбұрыс: жастар таңдауы өзгеріп келе ме?

Ауылға бетбұрыс: жастар таңдауы өзгеріп келе ме?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Еламан Қанжарбай Қоянды ауылының тумасы. Қазір қолына диплом алып, өз ауылында мұғалім болып қызмет атқаруда. Ол үшін бұл жай ғана еңбек жолының бастауы емес, балалық шағы өткен, болашағы қалыптасқан қасиетті мекен.
Егер бұрын ауыл жастары үшін қала жалғыз мүмкіндік болып көрінсе, бүгінде керісінше, туған жерге оралып, сол жерде еңбек етуді саналы таңдау ретінде қабылдайтын жаңа буын қалыптасып келеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Еламан 2021 жылы Қоянды ауылындағы №1 мектепті аяқтап, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түседі. Төрт жыл бойы табанды білім алып, мамандықтың қыр-сырын меңгерген жас түлек көп ойланбастан туған ауылына қызмет етуге шешім қабылдайды.

«Осы ауылдың топырағында ойнап өстім. Балалық шағымның барлығы осында өтті. Енді туған жеріме пайдамды тигізгім келді», — дейді жас ұстаз.

Бүгінде Еламан Қанжарбай Қоянды ауылындағы №2 мектепте биология пәнінен сабақ береді. Алғашқы еңбек жолын бастаған жас маманды мектеп ұжымы жылы қабылдап, кәсіби тұрғыда қалыптасуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе тәжірибелі ұстаздардың бағыт-бағдары оның жұмысқа тез бейімделуіне ықпал еткен.

«Алғаш келген күннен бастап апайларым ҚМЖ, КТЖ секілді барлық құжаттарды түсіндіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Соның арқасында өзімді сенімді сезіне бастадым», — деп еске алады ол.

Еламан үшін үздіксіз ізденіс — ұстаздық жолдың басты талабы. Жақында ол Көкшетау қаласында өткен «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан өтіп, кәсіби білімін жетілдіріп қайтты. Мұндай курстар жас маманға жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, заманауи білім беру талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

Алдағы жоспарлары да айқын. Жас ұстаз мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болуды, болашақта магистратурада білімін жалғастыруды мақсат етеді. Ең бастысы ауыл балаларына сапалы білім беріп, олардың үлкен өмірге сенімді қадам басуына жол ашу.

«Не шықса да ауылдан шығады дейді ғой. Ғалым да, ұстаз да, елге қызмет ететін тұлға да ауылдан шыққан. Солардың қатарында менің де шәкірттерім болса екен деймін», — дейді Еламан.

Ол ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін жақсы түсінеді және жас мамандарды ауылға келіп еңбек етуге шақырады.

«Ауылға барған жас маман ешқашан жалғыз қалмайды. Мұнда қолдау да бар, мүмкіндік те бар. Ең бастысы ниет пен еңбек», -дейді ол сеніммен.

Қанжарбай Еламан туған жеріне қызмет етуді жүрек қалауымен таңдаған жас педагог. Оның өмірлік ұстанымы мен еңбексүйгіштігі бүгінгі жас мамандарға үлгі. Осындай елжанды ұстаздардың арқасында ауыл мектебінің болашағы нық, келешегі кемел болмақ.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
0.2 ° C
0.2 °
0.2 °
97 %
2.5kmh
100 %
Вт
0 °
Ср
-13 °
Чт
-14 °
Пт
-10 °
Сб
-8 °

Соңғы мақала