20.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАтбасарда орталық қазандық пен жылу жүйесі жаңғыртылуда

Атбасарда орталық қазандық пен жылу жүйесі жаңғыртылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Соның жарқын мысалы – Атбасар қаласы. Ауданда  орталық қазандық пен жылу желілерінің ауқымды жаңғырту жұмыстары басталған. Бұл 2026 жылға дейін жүзеге асырылатын өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Дегенмен қала тұрғындарына толық аяқталуын күтудің қажеті жоқ. Жылу алғашқы нәтижелерін олар биылғы қыста-ақ сезінеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атбасарда жылу желілерін реконструкциялауға және жаңадан салуға 8,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Жоба аясында ұзындығы шамамен 5 шақырым болатын құбырлар темірбетонды арналарға және тіректерге орналастырылады. Оның ішінде теміржол жолақтарын қиып өтетін күрделі учаскелер де бар. Өткен жылы 1,6 шақырым трасса салынса, биыл тағы 1,1 шақырымдық, оның ішінде ірі диаметрлі магистральдар тартылды. Жалпы жобаның орындалу деңгейі бүгінде 53%-ға жеткен.

Қала жылу жүйесінің «жүрегі» саналатын орталық қазандық та толықтай жаңартылуда. Мұнда ескі қазандықтар мен сорғы топтарынан бастап, электр бөлігі мен трансформаторларға дейін түгелдей алынып тасталды. Олардың орнына жаңа жабдық орнату үшін іргетастар мен конструкциялар тұрғызылды. «Азия Котломаш» ЖШС компаниясының бас инженері Алексей Сержантскийдің айтуынша, бұл жерде  жай жөндеу емес, толыққанды жаңғырту  болып отыр:

«Біз соңғы болтқа дейін бәрін алып тастадық – ескі қазандықтар, сорғы топтары, су дайындау жүйелері, трансформаторлар түгел жойылды. Қазір мүлде жаңа жабдықтар орнатылуда – ток трансформаторынан бастап жарықтандыруға дейін. Биыл қуаты 30 гигакалориялық екі заманауи ГВТС-30 су жылыту қазандығы іске қосылады. Бұл – бұрынғыдан үш есе қуатты. Бір қазандық бүкіл қаланың жылу қажеттілігін өтей алады, екіншісі – резервтік болады. Келесі жылы тағы екеуі орнатылады», деді ол.

Жобаның басты жаңалықтарының бірі – екі контурлы жылыту жүйесіне көшу. Бұл қазандықтарға түсетін жүктемені азайтып, олардың қызмет мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар екі сатылы сүзгілеу, тұзды бактар мен деаэрация жүйесі бар жаңа химиялық су тазарту цехы салынды. Оның арқасында жүйеге тек сапалы тазартылған су беріледі. Атбасар ауданы әкімдігінде атап өткендей, жоба бүкіл қаланы қамтып, ұзақ мерзімді тиімділік әкеледі.

«Біз 16 шағын қазандықты пайдаланудан шығарамыз. Бұл экологияға оң әсер етіп, тұрғындарға жайлы жағдай жасайды. Орталық қазандық Атбасардың барлығына жылу береді, ал шағын қазандықтар сорғы станцияларына айналады. Биыл біз қосымша абонент қоспай-ақ қолданыстағы жылу желілеріне қосыламыз, ал жоба толық аяқталғанда олардың саны 2 200-ге көбейеді», – деді Атбасар ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Дияз Мажитов.

 

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
20.2 ° C
20.2 °
20.2 °
56 %
8kmh
0 %
Пн
20 °
Вт
26 °
Ср
27 °
Чт
20 °
Пт
21 °

Соңғы мақала