20.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАтбасар ауданында ірі сүт-тауарлы ферма бой көтеріп келеді

Атбасар ауданында ірі сүт-тауарлы ферма бой көтеріп келеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар ауданынан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан шағын ғана Бастау ауылы бүгінде үлкен өзгерістердің табалдырығында тұр. Бұл елді мекенде өңірдегі ең заманауи сүт-тауарлы фермалардың бірі салынып жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Халқы небәрі 500-ге жуық бұл ауыл үшін ірі ферманың салынуы үлкен қуаныш. Қазіргі уақытта құрылыс қарқыны жоғары. Аумағы 5 070 шаршы метр болатын екінші қорадағы жұмыс толығымен бітуге таяу. Сауу және сүт өңдеу блогында да монтажшылар дамылсыз еңбек етуде. Ферма басшысы, «Бастау» ЖШС директоры Данияр Мұқышев бізге жобаның барысын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті:

«Құрылысты көктемде бастадық. Мұның бәрі мемлекет тарапынан 2,5% мөлшерлемемен 10 жылға берілген жеңілдетілген несие арқасында мүмкін болды. Жобалық қуатымыз – 1200 сауынды сиыр. Күзде техникалық іске қосуды, ал толық аяқталуын келесі жылдың шілдесіне жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Жоба аясында Германиядан 918 голштино-фриз тұқымды ірі қара жеткізіледі. Оның ішінде 768-і – сауынды сиыр, қалғаны – суалған. Малдар шамамен 200 бастан партиямен әкелініп, төлдеу процесі біркелкі жүру үшін жасы 22-26 ай аралығында болады.

«Ферма іске қосылғанда 40-50 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Ал негізгі технологиялық мамандардың бір бөлігі шетелден тартылады. Сауу процесі Нидерландының әйгілі GEA зауытының заманауи қондырғыларымен автоматтандырылады», – деп атап өтті серіктестік басшысы.

Ауыл тұрғындары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап отыр. Себебі Бастау сияқты шағын елді мекен үшін мұндай ауқымды жоба тек жаңа жұмыс орындары ғана емес, ауылдың болашағына деген сенімнің артуы.

Ферма толық іске қосылғанда, өңірдегі сүт тапшылығы айтарлықтай азайып, импорттық өнімнің орнын отандық сапалы өнім басады. Бұл тек бір ауылдың ғана емес, бүкіл облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қосылған зор үлес болмақ.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
20.2 ° C
20.2 °
20.2 °
56 %
8kmh
0 %
Пн
20 °
Вт
26 °
Ср
27 °
Чт
20 °
Пт
21 °

Соңғы мақала