4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАршалы кентінің 35 тұрғыны пәтер кілттерін алды

Аршалы кентінің 35 тұрғыны пәтер кілттерін алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Аршалы ауданында әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға арналған жаңа тұрғын үйден пәтер кілттерін табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Барлығы 35 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Маңызды оқиғамен аршалылықтарды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады. Ол қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және маңызды әлеуметтік міндет екенін атап өтті.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс еліміздің солтүстік және орталық өңірлері арасында тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша көшбасшылардың бірі атанды. Өңірде 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңнан астам ақмолалық отбасы әлеуметтік баспанаға қолжеткізді», – деді өңір басшысы.

Жаңа 100 пәтерлі тұрғын үй реновация бағдарламасы аясында ескі екі қабатты ғимараттың орнына салынды. Тұрғын үй қоры толықтай қоныстануға дайын және заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай.

Пәтер иелері көрсетілген қолдау үшін шынайы алғыстарын білдіріп, бұл оқиға олардың көпшілігі үшін көптен күткен қуаныш әрі өмірлеріндегі жаңа кезеңнің бастамасы екенін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде реновация бағдарламасы аясында жалпы саны 1300-ден астам пәтерді қамтитын 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
4 ° C
4 °
4 °
76 %
0.6kmh
13 %
Чт
4 °
Пт
13 °
Сб
14 °
Вс
14 °
Пн
16 °

Соңғы мақала