4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАршалы ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Аршалы ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Аршалы кентінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылу салтанаты өтті. Маңызды оқиғамен зейнеткерлерді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Орталықтың негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтарды әлеуметтендіру, оларды мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге тарту, сондай-ақ олардың физикалық және менталдық денсаулығын нығайту.

«Біз аға буын өкілдерінің өмір сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Мұндай орталықтар денсаулықты нығайтып қана қоймай, адамдардың белсенді, қоғамға қажет әрі қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті өңір басшысы.

Осы бағытта орталықта түрлі қызметтер қарастырылған: сауықтыру гимнастикасы, йога, пилатес және тренажер залы сияқты дене шынықтыру сабақтары, шығармашылық және білім беру үйірмелері, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету, цифрлық сауаттылықты арттыру, зияткерлік және үстел ойындары, сондай-ақ қызығушылық клубтары жұмыс істейді.

Сонымен қатар келушілер заңгерлік және медициналық кеңестер ала алады, тақырыптық іс-шаралар мен командалық ойындарға қатысады. Алдағы уақытта бейінді мамандарды тарту арқылы домбыра үйрену және хореография бағыттары да енгізіледі.

Айта кетейік, Аршалыдағы белсенді ұзақтөмір сүру орталығы өңірдегі тоғызыншы орталық болып табылады. Бұған дейін мұндай орталықтар Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларында, сондай-ақ Зеренді, Целиноград, Жарқайың, Ерейментау, Атбасар және Ақкөл аудандарында ашылған.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
4 ° C
4 °
4 °
76 %
0.6kmh
13 %
Чт
4 °
Пт
13 °
Сб
14 °
Вс
14 °
Пн
16 °

Соңғы мақала