-4.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАрхив құжаттарын цифрландыру: өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір

Архив құжаттарын цифрландыру: өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының мемлекеттік архиві тарихи деректердің сақталуы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды жұмыс атқаруда. Бүгінде мұнда 500 мыңға жуық құнды құжат сақталған, олардың ішінде басқарушылық материалдар, жеке құрамға қатысты мәліметтер, фото және бейнематериалдар бар, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

2013 жылдан бастап архив материалдары цифрланып, Бірыңғай ұлттық архив қорының дерекқорына енгізіліп келеді. Бұл зерттеушілер мен тұрғындарға құжаттарды пайдалануды едәуір жеңілдетті. Бүгінде архив қызметкерлері жасанды интеллект технологиясын да қолдана отырып, жастардың қызығушылығын арттыруға және тарихи материалдарды жаңа форматта ұсынуға тырысуда.
Архивте 5 негізгі бөлім мен 9 қойма жұмыс істейді, жыл сайын қор жаңа материалдармен толығады. 2024 жылы 16 мыңнан астам құжат қабылданса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 11 мыңнан асты. Көрмеде 300-ге жуық тарихи құжат қойылған, олардың бір бөлігі QR-код арқылы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ақмола облыстық мемлекеттік архивінің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Зарина Тыштыбаева архивтегі құжаттардың 3 пайызы цифрланғанын, 55 қор материалдарының Бірыңғай электрондық архив жүйесіне енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, бөлім компьютерлік техниканы, интернет пен ақпараттық жүйелерді қолдап, қызметкерлерге техникалық кеңес береді.

Зерттеушілер архив қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтеді.

«Құжаттарды іздеуде архив қызметкерлері үлкен көмек көрсетуде, мұнда шын мәнінде баға жетпес деректер сақталған», – дейді зерттеуші Еркежан Әпиева.

Биыл «Жас зерттеушілер» тобы құрылып, 25 жас тарихи құжаттармен жұмыс істеуді, төте жазуды кириллицаға көшіруді үйреніп, архив іс-шараларына қатысуда.

Архив құжаттарын цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізу – тарихты сақтап қана қоймай, оны болашақ ұрпаққа түсінікті және қолжетімді ету жолы. Ақмола облысының мемлекеттік архиві бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-4.8 ° C
-4.8 °
-4.8 °
50 %
0kmh
0 %
Вс
-5 °
Пн
-13 °
Вт
-13 °
Ср
-4 °
Чт
-2 °

Соңғы мақала