16.6 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚараөткел ауылында «Жұлдызай» шығармашылықты дамыту және оңалту орталығы ашылды

Қараөткел ауылында «Жұлдызай» шығармашылықты дамыту және оңалту орталығы ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қараөткел ауылында «Жұлдызай» шығармашылықты дамыту және оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Ашылу салтанатына Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали, аудан прокуроры Дәурен Базарбаев, аудандық полиция бөлімінің өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

«Жұлдызай» орталығы балаларға арналған шығармашылық үйірмелерді ұсынады. Мұнда өнер, музыка және техникалық бағыттар бойынша әртүрлі үйірмелер жұмыс істейтін болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, оның ішінде аутизм спектрі бар балаларға арналған арнайы үйірмелер де жасақталады.  Орталық ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Ашылу салтанаты барысында аудан әкімі Дарын Сабырғали мен аудан прокуроры Дәурен Базарбаев жобаға жоғары бағаларын беріп, оның ауыл тұрғындары үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Олар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай бастамаларға үнемі қолдау көрсетілетінін жеткізді.

“Жоба тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және балалар мен отбасылардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ете отырып, ауылдың дамуына жаңа серпін береді”-, дейді аудан әкімі.

Айта кетері, бұл жоба ауыл тұрғындарының, аудандық мәслихат депутаты Динара Абдрахманова мен жергілікті қоғамдастық белсендісі Айкерім Утегенованың бастамасымен жүзеге асырылды.

“Бұл бастама қоғамдастықтың әр мүшесіне өзіндік даму жолын табуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ауылдағы балалар мен жастарға әлеуметтік ортада өз орнын табуға көмектеседі”, деді депутат Динара Абдрахманова.

Орталықтың тағы бір маңызды ерекшелігі — мұқтаж отбасыларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін дағдарыс орталығының ашылуы. Бұл жерде көмек жартылай стационарлық жағдайларда, сондай-ақ уақытша тұратын стационарларда да көрсетіледі. Орталықтың қызметі тек балалар мен жасөспірімдер үшін емес, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін де үлкен қолдау болып табылады.

 

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
16.6 ° C
16.6 °
16.6 °
66 %
3.4kmh
31 %
Вс
28 °
Пн
28 °
Вт
28 °
Ср
22 °
Чт
25 °

Соңғы мақала