27.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАрқалық – Державинск бағытындағы жол жаңа кейіпке енді

Арқалық – Державинск бағытындағы жол жаңа кейіпке енді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында Арқалық – Державинск (377–409 км) аралығындағы автожол учаскесінің орташа жөндеуден кейінгі салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Жұқабетов, жолдарды пайдалану бөлімінің басшысы Данияр Арынов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Ербол Мұқашев және аудан ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ақылбек Ахметов қатысты. Салт бойынша ақсақал лентаны қиып, батасын берді.

Жөндеуден өткен учаскенің ұзындығы — 32 шақырым, жоба құны — 4,5 млрд теңге. Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым «Қарағанды жолы» ЖШС сапалы әрі уақытында орындады.

«Бұл жол учаскесі аудан тұрғындары мен экономикасы үшін маңызды. Енді сапарлар анағұрлым қауіпсіз әрі жайлы болмақ», — деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Мұқашев.

«Жезқазған – Петропавл» автожолы Ақмола облысының Жарқайың және Есіл аудандарының аумағымен өтеді. Бұл учаскенің басы — 377 км (Ақмола және Қостанай облыстарының шекарасы), ал соңы — 595 км (Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасы).

Атқарылған және жоспарланған жөндеу жұмыстары: 2022 жылы Жарқайың ауданында 409–445 км аралығында орташа жөндеу басталды. Ұзындығы – 36 км. Мердігер – «Қарағанды жолдары» ЖШС. Жоба құны – 3,3 млрд теңге. Жұмыстар 2024 жылы аяқталды. 2024 жылы Жарқайың ауданында 377–409 км аралығында орташа жөндеу жүргізілді. Ұзындығы – 32 км. Мердігер – «Қарағанды жолдары» ЖШС. Жоба құны – 4,32 млрд теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.  2024 жылы Жарқайың ауданында 445–490 км аралығында орташа жөндеу басталды. Ұзындығы – 45 км. Мердігер – «Қазақ Жолы 2050» ЖШС. Қазіргі таңда негізді төсеу – 37 км орындалды. Жоба құны – 5,3 млрд теңге. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталады.

Жарқайың ауданында автожол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Жөндеуден өткен және алдағы жылдары аяқталатын учаскелер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
29 %
9kmh
0 %
Чт
27 °
Пт
24 °
Сб
11 °
Вс
7 °
Пн
8 °

Соңғы мақала