-12.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Қансонар» халықаралық турнирі: дәстүрлі аңшылық өнері мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу

«Қансонар» халықаралық турнирі: дәстүрлі аңшылық өнері мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында және елдің басқа өңірлерінде дәстүрлі аңшылық өнерін сақтап, дамытуды мақсат еткен халықаралық «Қансонар» турнирінің жабылу салтанаты мәреге жетті. Биылғы жарыс елдің түкпір-түкпірінен келген үздік бүркітшілер мен қаршығамен аңшылыққа шеберліктерін танытқандарды біріктірді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Турнир қатысушылары тек ашыққан құстарды меңгеру шеберлігін көрсетіп қана қоймай, ежелгі ұлттық дәстүрлерді құрметтеуде де жоғары деңгейге ие екендерін дәлелдеді. Турнир ұйымдастырушысы Айдос Құмарбековтың айтуынша:

«Біздің мақсатымыз – жастарға ұлттық аңшылық өнерін үйретіп, бабалардан келе жатқан дәстүрлерді сақтау. Мұндай жарыстар ұлттық мәдениетімізді дәріптеудің тиімді жолы болып табылады», – дейді.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
«Бүркіт» номинациясы бойынша 1 орын — Қарағанды облысы, 2 орын — Жамбыл облысы, 3 орын — Атырау облысы иеленді.
«Қаршыға» номинациясы бойынша1 орын — Жамбыл облысы, 2 орын — Астана қаласы, 3 орын — Алматы қаласының қанжығасында.
«Ителгі» номинациясын 1 орын — Жамбыл облысы, 2 орын — Ақмола облысы, 3 орын — Қарағанды облысы иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау сәтінде Қансонар турнирінің бас төрешісі Жанболат Сұлтанов өз құттықтауын білдірді.

«Әр қатысушының еңбегі құнды. Бұл турнир тек жарыс қана емес, ұлттық аңшылық мәдениетін насихаттайтын және жас буынға үлгі болатын маңызды шара», – деді.

Турнир барысында қатысушылардың құстармен жұмыс істеу әдістері, қауіпсіздік шаралары және дәстүрлі аңшылық ережелері бойынша шеберлік сабақтары өтті. Мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелейді.

Жалпы, «Қансонар» турнирі дәстүрлі аңшылық өнерін сақтау мен дамытуға үлкен үлес қосып, ел тұрғындарына ұлттық мәдениет пен бабалардан қалған мұраны қадірлеу маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-12.8 ° C
-12.8 °
-12.8 °
78 %
8kmh
100 %
Пн
-12 °
Вт
-17 °
Ср
-14 °
Чт
-9 °
Пт
-5 °

Соңғы мақала