30.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАлмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ауданның жаңа әкімін аудан активіне Ақмола облысының басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.

Алмас Алиннің алдына ауданның дамуы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халық тұрмысына қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

Облыс басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкіміне барлық жоспарланған объектілердің іске қосылуын жеке бақылауда ұстау және олардың бұзылуына жол бермеу, жылыту маусымын қауіпсіз және үздіксіз өткізу, сумен жабдықтау объектілерінің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұған қоса, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлік саласын, тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде нақты жұмыс жүргізу міндеттері жүктелді.

Аудан активімен өткен кеңесте Марат Ахметжанов жаңа әкімге жүктелген міндеттерді іске асыруда табыс тіледі, сондай-ақ, Қорғалжын ауданының бұрынғы әкімі Берік Жанбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
30.2 ° C
30.2 °
30.2 °
23 %
5kmh
40 %
Вт
30 °
Ср
25 °
Чт
24 °
Пт
28 °
Сб
25 °

Соңғы мақала