19 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАлғабас ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ескерткіш тақтаның ашылуы...

Алғабас ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ескерткіш тақтаның ашылуы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Астрахан ауданының Алғабас ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін ұмыт қалдырмау мақсатында мемориалдық тақта ашылды.

Шараға Астрахан ауданының әкімі Талғат Аманбаевич Ерсейітов, жергілікті қоғам белсенділері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Өз сөзінде әкім Ерсеитов:

Тарихи естелікті сақтау — бүгінгі жұрт парызы, — деп атап өтіп, ауыл тұрғындарына ұмытылмас іс-шараға бастамашы болғаны үшін алғысын жеткізді.

Жаңа тақтаға Алгабас ауылынан ұрыс даласына аттанған және тылда ауыр еңбек еткен тұлғалардың есімдері қашалып жазылды. Көптеген отбасында әке, атасы, ағасы немесе бауыры майдан даласында қаза тапқан, оралмаған батырлар бар. Осы ескерткіш — сол аңыраған жүректерге, асыл ерліктерге деген зор құрметтің белгісі.

Мемориалдық тақтаны орнату бастамасының мақсаты — Ұлы Отан соғысының қиын тұстарында ерлік көрсеткен азаматтарды еске алып, олардың бейбіт өмір үшін қиян-кескі күрескенін кейінгі буынға ұғындыру, патриоттық сезімді нығайту.

Ашылу рәсімі соның құрметіне арнап ұйымдастырылған гүл шоқтарын қоюмен және ардагерлерге құрмет көрсетумен аяқталды. Ауыл тұрғындары бұл шараның туған ауылдың даңқын арттыратынын және батырлар рухын мәңгі есте сақтауға себеп болатынын айтты.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
19 ° C
19 °
19 °
63 %
3.1kmh
86 %
Ср
23 °
Чт
25 °
Пт
26 °
Сб
21 °
Вс
16 °

Соңғы мақала