14.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАңшылық назарда: облыста «ақбөкен» акциясы басталады

Аңшылық назарда: облыста «ақбөкен» акциясы басталады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы аумағында ақбөкен популияциясын сақтау, кебейту  және браконьерлікке карсы куресті кушейту бағытында республикалық «ақбөкен» алдын алу акциясы өткізіледі. Бұл туралы Ақмола облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсенов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Ақбөкендер Ақмола облысының Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың және Қорғалжын аудандары аумағында жиі кездеседі. Соңғы жылдары олардың тіршілік ету ортасы Астрахан және Целиноград аудандарына дейін кеңейіп отыр.

«2024 жылдың сәуір айында жүргізілген авиациялық санақ барысында 219 655 ақбөкен тіркелді, бұл популяцияның біртіндеп қалпына келгенін көрсетеді. Алайда бұл жануарларды заңсыз өндіру қаупі сақталуда, бұл күшейтілген қорғау шараларын талап етеді», — деді Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы.

Осы жылғы 1-31 желтоқсан аралығында жалғасатын қысқы акция шеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп әзірлеген жоспар іске асырылатын болады. Оның шеңберінде аумақтық инспекция, құқық қорғау органдары және «Охотзоопром» мен  орман шаруашылығының жедел отрядтары сияқты мамандандырылған қызметтер табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу үшін рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады.

Ведомство басшысы ақбөкендерді заңсыз өндіру және жою үшін қатаң жауапкершілік шаралары қолданылатынын еске салды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Келтірілген залал үшін айыппұлдар бір еркек үшін 2,7 млн теңгеден астам, әйел үшін 1,9 млн теңгені, ерекше қорғалатын аумақтарда тиісінше 8,3 млн теңгеден астам және 5,8 млн теңгені құрайды.

«Бүгінгі өтіп жатқан «Ақбөкен» акциясы – сирек кездесетін  популяцияны қорғау ғана емес, сонымен қатар елдің биоалуантүрлілігін тұрақты дамыту бағытындағы маңызды қадам. Бақылау және қоғаммен өзара іс-қимыл қысқы науқанның сәттілігінің негізгі аспектілері болады», – деп толықтырды инспекция басшысы.

ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
14.2 ° C
14.2 °
14.2 °
72 %
1kmh
0 %
Вс
28 °
Пн
28 °
Вт
29 °
Ср
22 °
Чт
27 °

Соңғы мақала