«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында Ақмолалық команда 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медальдарын жеңіп алды.
Үш конкурстық күн ішінде, 14-16 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында еліміздің колледж студенттері мәлімделген құзыреттіліктерде өздерінің дағдылары мен машықтарын көрсетті. 32 студенттен құрылған ақмолалықтар командасы барлық ұсынылған 30 құзырет бойынша қатысты.
Бүгін Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» концерт залында Ұлттық жұмысшылар чемпионатының салтанатты жабылуы өтті.
Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің екі өкілі Қожахмет Әділет пен Мацегора Сергей «Мобильді робототехника», сондай-ақ Степногорск қ. жоғары колледжінің Меруерт Хамзина «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша чемпионаттың жеңімпаздары атанды.
2 орын — Ильяс Гатин, «Мобильдік қосымшаларды әзірлеу» құзыреті Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;
3 орын – Қабибола Еламан, «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреті, Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжі;
3 орын – Беленец Каролина, «Кондитерлік іс» құзыреті, Щучинск қ. жоғары техникалық колледжі;
3 орын – Червоняк Нина, «кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;
3 орын — Абраев Артур және Дьяченко Олег, «Мехатроника» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі.
Сонымен қатар, біздің қатысушылар 11 медальонмен марапатталды. Мұндай марапат өз құзыретінде халықаралық стандартқа қол жеткізген, бірақ жүлделі орынға дейін балдары сәл жетпеген мамандарға беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы чемпионатқа 22 жасқа дейінгі 555 жас маман — WorldSkills өңірлік чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды.