-1.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмолалық студенттер Abilympics 2025 чемпионатында жеңіске жетті

Ақмолалық студенттер Abilympics 2025 чемпионатында жеңіске жетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен Abilympics 2025 республикалық чемпионатында облысымыздың колледж студенттері үздік нәтижелер көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 120 жас қатысып, өз шеберліктерін 15 кәсіби бағыт бойынша сынға салды. Қатысушылар дәстүрлі қолөнер мен заманауи технологиялар саласында өз қабілеттерін көрсетті.

Чемпионаттың басты мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту, тең мүмкіндіктер идеясын ілгерілету, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету болып табылады.

Ақмола облысының студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. «Жеке аспаздық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Зозуля Артём бірінші орынды иеленсе, «Киіз өнері» бағыты бойынша Шмидт Станислав та бірінші орынды жеңіп алды. Ал «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша Уәли Нұрмұхамет екінші орынға, «Мейрамхана сервисі» бағыты бойынша Веселова Вероника екінші орынға ие болды.

«Чемпионатқа дайындық жан-жақты жүргізілді. Қатысушылар өңірлік және облыстық кезеңдерден сүрінбей өтті. Abilympics біздің студенттеріміз үшін нағыз жеңіске айналды», – деді Құрылыс-технологиялық колледжінің директоры Ерлан Бегайдаров.

Abilympics 2025 чемпионатындағы бұл жетістік – Ақмола облысы жастарының кәсіби біліктілігі мен табандылығының айқын көрінісі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-1.8 ° C
-1.8 °
-1.8 °
93 %
4kmh
100 %
Вс
-2 °
Пн
-8 °
Вт
-18 °
Ср
-15 °
Чт
-11 °

Соңғы мақала