Ақмола облысының тумасы Анна Мельник Worldloppet халықаралық сериясына кіретін Vasaloppet China шаңғы марафоны аясында өткен 25 шақырымдық жарыста жеңіске жетті. Халықаралық дода 2026 жылғы 4 бастарда Қытайдың Чанчунь қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Анна Мельник (Мельник Анна Игоревна) Акмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласында дүниеге келген. Ол – шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құрама командасының мүшесі, ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері.
Спортшының халықаралық аренадағы жетістіктері де айтарлықтай. 2021 жылы Финляндияның Вуокатти қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, сол жылы Щучинск қаласында ұйымдастырылған FIS жарысында спринт бойынша күміс жүлдеге ие болды. 2023 жылы шаңғымен сырғанау роликтері бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде қола жүлдені қанжығасына байлады.
Анна Мельник Азия кубогының кезеңдерінде де жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 2025 жылы Тайландта өткен жарыстарда классикалық және еркін жүріс түрлері бойынша масс-старт, спринт және жеке жарыстарда бірнеше мәрте бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ Щучинск қаласында өткен Азия кубогы кезеңдерінде де жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазақстан Республикасының Спартакиадаларында да ақмолалық спортшы жүлдегерлер қатарынан табылды. Атап айтқанда, 2021 жылы классикалық жүрістегі спринтте екінші орын алса, 2025 жылы эстафеталық жарыста жеңіске жетіп, спринтте қола жүлдені иеленді.
Анна Мельниктің бұл жеңісі – отандық шаңғы спортының дамып келе жатқанының және ақмолалық спортшылардың халықаралық деңгейде жоғары бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелі.


