0.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмолалық оқушылар республикалық пікірсайыс турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

Ақмолалық оқушылар республикалық пікірсайыс турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Астана қаласында оқушылар арасында өткен «JasREPUBLIC CUP» республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының командасы жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «ÖzgerTeam» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Respublica» партиясының қолдауымен өтті. Турнирге барлығы 40 команда қатысып, олардың 20-сы қазақ лигасында, 20-сы орыс лигасында бақ сынады.
Облыстан Бурабай, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласының командалары өзара пікір сайыстырды.

«Оқушылар білім мен шешендік қабілетті ұштастырып, түрлі тақырыптарда өз ойларын дәлелді түрде қорғады»,-деді ұйымдастырушылар.

Жарыс қорытындысында Целиноград ауданының қазақ лигасындағы «Алтын орда» командасы үздік нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді. Команда құрамында Байболсынова Гүлмира, Мурзагалиева Мархабат және Мұрханбетқали Бәтима бар.

Олардың табысы өңір жастарының белсенділігі мен білімге деген құштарлығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақмолалық пікірсайысшылар елдің үздік командалары қатарынан көрініп, өңір абыройын асқақтатты.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
0.2 ° C
0.2 °
0.2 °
74 %
6kmh
0 %
Вс
5 °
Пн
2 °
Вт
3 °
Ср
5 °
Чт
4 °

Соңғы мақала