-16.9 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмолада бірқатар жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылық төмендеуде

Ақмолада бірқатар жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылық төмендеуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өңірде жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйінде қалып отыр. Өңірде аса қауіпті инфекциялар, соның ішінде туляремия, Конго-Қырым қанды безгегі, құтыру және листериоз жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар бірқатар инфекциялар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, қызылша, көкжөтел, қызамық, дизентерия, туберкулез, вирустық гепатиттер және кенелік энцефалит бойынша тіркелетін жағдайлар саны азайған. Оң динамика өңір тұрғындарының, соның ішінде балалар мен медицина қызметкерлерінің ондаған мыңын қамтыған қосымша жаппай және қуып жету иммундауының нәтижесінде қалыптасты.

«Негізгі жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жүйелі жұмысы мен халықты белсенді вакцинациялау шараларының нәтижесі. Біз эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырмыз және тұрғындарды профилактикалық екпелерді уақытылы алуға шақырамыз», – деп атап өтті Серік Омарханов.

Сонымен бірге облыста жекелеген нозологиялар бойынша сырқаттанушылықтың өсуі тіркеліп отыр. Атап айтқанда, жедел ішек инфекциялары, серозды менингит, қышыма, кенелік боррелиоз және бруцеллез жағдайларының артуы байқалады. Мамандар бұл үрдісті, оның ішінде профилактикалық екпелерден бас тарту салдарынан ұжымдық иммунитеттің ішінара төмендеуімен байланыстырады.

2025–2026 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда жедел респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың, әсіресе балалар арасында, өсуі байқалады. Маусымның ерекшелігі ретінде аурушаңдықтың ерте көтерілуі және А типті тұмау вирусының айналымда болуы аталады. Бұл ретте тұмауға қарсы вакцинация деңгейі жүкті әйелдер, жабық үлгідегі мекемелердің тәрбиеленушілері мен қызмет алушылары арасында жоғары деңгейде сақталуда.

Туберкулез бойынша жағдай да ерекше бақылауда. Өңірде халықты профилактикалық тексерумен қамту мен байланыста болған тұлғаларды медициналық бақылау деңгейінің жоғары болуының арқасында сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеу үрдісі сақталып отыр.

Бруцеллез бойынша облыстың бірқатар аудандары мен қалаларында жекелеген жағдайлар тіркелген. Барлық диагноздар зертханалық түрде расталып, қажетті эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары жүргізілуде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-16.9 ° C
-16.9 °
-16.9 °
86 %
6.8kmh
49 %
Сб
-14 °
Вс
-13 °
Пн
-4 °
Вт
1 °
Ср
-3 °

Соңғы мақала