0.9 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмолада «Қарасора-2025» операциясынан 125 есірткі қылмысы әшкереленді

Ақмолада «Қарасора-2025» операциясынан 125 есірткі қылмысы әшкереленді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл 1 маусымда Ақмола облысында заңсыз есірткі айналымына қарсы және есірткі құрамды жабайы өсімдіктерді жоюға бағытталған «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы басталған болатын. Операция барысында 125 есірткі құқықбұзушылығы анықталып, өңірдегі мәселенің өзектілігін айқын көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Ақбаров мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары 66 есірткі сату дерегін, бірнеше заңсыз өндіру фактісін және 45-тен астам қылмыстық теріс қылықты тіркеген. Бес есірткі зертханасы жойылып, оның ішінде біреуі синтетикалық есірткі өндіруге арналғаны анықталған.

Заңсыз айналымнан шамамен 270 килограмм есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 3 келіге жуық синтетикалық есірткі және 250 келіден астам каннабис бар.

«Бұл жұмыстың басты мақсаты — тек құқықбұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу. Операция аясында құқық бұзушылар ұсталып, есірткілер тәркіленді, сондай-ақ оқушылармен, студенттермен және ата-аналармен кездесулер өткізілді», – деп атап өтті полковник Ерлан Ақбаров.

Есірткі таратушылармен және өндірушілермен күреспен қатар, тәртіп сақшылары «жасырын салушылар» деп аталатын тұлғалардың әрекеттерін тоқтатуға да айтарлықтай күш жұмсаған. Операция кезінде осындай 18 адам ұсталды.

«Сонымен қатар, жабайы өскен қарасораны жою бағытында да белсенді жұмыс жүргізілді: 480-ге жуық жою туралы нұсқама беріліп, талаптарды орындамағандар бойынша 35 әкімшілік хаттама толтырылды»,-деп қосып өтті спикер.

Есірткі қолданушылар да назардан тыс қалған жоқ. Тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал ерекше алаңдаушылық тудырған көрсеткіштердің бірі – есірткілік мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер саны. Мұндай 88 дерек тіркеліп, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретіні атап өтілді.

«Қарасора-2025» операциясы аясында ағарту және алдын алу жұмыстарына ерекше мән берілді. Облыс аумағында көптеген ақпараттық акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық шаралар мен дәрістер ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жастар мен ересек тұрғындар арасында есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың зиянды салдары туралы хабардарлықты арттыру.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
0.9 ° C
0.9 °
0.9 °
74 %
4.6kmh
87 %
Сб
3 °
Вс
4 °
Пн
1 °
Вт
2 °
Ср
3 °

Соңғы мақала