-5.7 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмолада 5000-ға жуық құқық бұзушылық тіркелді

Ақмолада 5000-ға жуық құқық бұзушылық тіркелді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында «Учаске» атты шара өтіп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция Департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Хусаинов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Полиция қызметкерлері қала мен ауыл-аймақты аралап, тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуда. Әсіресе қару иелері, жалдамалы пәтерлер, тіркеусіз тұрып жатқан азаматтар, шетелдіктер және есепте тұрған адамдар ерекше бақылауда. Спикердің айтуынша шара барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталған.

«Қару сақтаудың тәртібін бұзғандардан бірнеше қару тәркіленді. Сондай-ақ, кейбірі заңсыз мылтық ұстағаны үшін жауапқа тартылды. Қоғамдық орында мас болғандар, ұсақ бұзақылық жасағандар мен отбасында жанжал шығарғандар да назардан тыс қалған жоқ»,- деді басқарма бастығының орынбасары.

Іс-шара кезінде 4 500-ден астам адам заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Соның ішінде, 141 адам отбасында жанжал шығарып, зорлық-зомбылық жасаған. 35 ата-ана балаларына дұрыс қарамаған. Және 15 адам қоғамдық орынды ластаған. Сондай-ақ, мыңға жуық адам пәтерде тіркеусіз тұрған. Тағы басқа да заң бұзған жағдайлар анықталған. Жасөспірімдерге қатысты да жұмыстар атқарылғаны туралы да мәлімдеді.

«Ішімдік ішкен, түнде көшеде жүрген балалар ұсталып, кейбірі арнайы орталықтарға жіберілді. Сонымен қатар, тіркеусіз пәтерлер мен саяжайларда тұрып жатқан азаматтар анықталып, тиісті шаралар қолданылды»,- деп толықтырды спикер.

Полиция бұл шара арқылы тек тексеріп қана қоймай, халықпен ашық сөйлесіп, мәселелерді бірге шешуге тырысуда. Мақсат – қауіпсіз орта құру және халықпен сенімді байланыс орнату. Қауіпсіздік шарасы әлі жалғасатын болады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-5.7 ° C
-5.7 °
-5.7 °
94 %
6.4kmh
100 %
Сб
-5 °
Вс
-14 °
Пн
-9 °
Вт
-2 °
Ср
-3 °

Соңғы мақала