5.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында қылмыс шамамен 40%-ға төмендеді

Ақмола облысында қылмыс шамамен 40%-ға төмендеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыста «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және цифрландыруды дамытуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы брифингте Ақыл Карпыкбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Бүгінде Ақмола облысы прокуратурасының «Про Тайм» жобасы да белсенді жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба аясында мамандар мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастармен кездесіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Биылғы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы өңірдегі криминогендік ахуалдың тұрақтанып келе жатқанын көрсетті. Осы кезеңде құқық қорғау органдарына 20 мыңнан аса өтініш пен хабарлама тіркелген. Ал қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 999-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 37,6 пайызға төмендеген. Бұл – қабылданған алдын алу шаралары мен жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Соңғы жылдары қоғам үшін үлкен қауіпке айналған интернет-алаяқтық мәселесі де ерекше бақылауда. Бұл бағытта өткен жылы іске қосылған Антифрод-орталықтың тиімділігі айқын байқалып отыр. Нәтижесінде алаяқтық фактілері 70,7 пайызға, ал интернет-алаяқтық 71,7 пайызға азайған. Орталық күмәнді қаржылық операцияларды дер кезінде анықтап, оларды тоқтатуға мүмкіндік береді.

«Цифрлық шешімдер қылмыстың алдын алуда жаңа кезеңді бастап берді. Бүгінде біз тек салдармен күреспей, тәуекелдерді ерте анықтауға көштік», – дейді Ақыл Карпыкбаев.

Сонымен қатар, есірткі қылмыстары бойынша да белгілі бір өзгерістер бар. Үш айда 107 құқық бұзушылық тіркеліп, өсім 15 пайызды құрады. Бұл бағытта арнайы құрылған «Таргетинг орталығы» химиялық заттардың айналымын бақылап, синтетикалық есірткі өндірісінің жолын кесуге мүмкіндік беруде. Соның нәтижесінде еліміз бойынша 23 нарколаборатория жойылған.

Құқық қорғау жүйесін цифрландыру – басты басымдықтардың бірі. Бүгінде қылмыстық істердің 93 пайызы электронды форматта тергелуде. Бұл ашықтықты арттырып, тергеу барысын бақылауды жеңілдетеді. Ал QAMQOR.GOV.KZ платформасы арқылы азаматтар қылмыс туралы хабарлап, айыппұлдарын тексеріп, өтініштерінің қаралу барысын онлайн бақылай алады.

«Біздің мақсат – азаматтарға барынша қолжетімді, ашық және тиімді құқықтық қызмет көрсету. Цифрландыру – осы жолдағы негізгі құрал», – деп атап өтті спикер.

Мамандардың айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын алу – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
5.8 ° C
5.8 °
5.8 °
60 %
3.4kmh
100 %
Пн
5 °
Вт
9 °
Ср
6 °
Чт
4 °
Пт
9 °

Соңғы мақала