6.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында WorldSkillsAqmola-2026 чемпионаты өтуде

Ақмола облысында WorldSkillsAqmola-2026 чемпионаты өтуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өңірде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі – өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты WorldSkillsAqmola-2026 өз жұмысын бастады. Биылғы дода Степногорск қаласындағы Жоғары колледж базасында өтіп, аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі өзекті бағыттарды қамтып отыр, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Чемпионаттың басты мақсаты – жастардың кәсіби шеберлігін шыңдау, заманауи дағдыларды меңгеруіне жағдай жасау және халықаралық стандарттарға сай маман даярлау сапасын арттыру. Сонымен қатар, бұл алаң білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Биылғы чемпионатқа Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан келген ондаған қатысушы түрлі құзыреттер бойынша бақ сынауда. Атап айтқанда, геодезия, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, бейнемонтаж, зертханалық және химиялық талдау, визуалды мерчандайзинг, кәсіпкерлік бағыт, экскаваторды басқару, сондай-ақ сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда токарлық және фрезерлік жұмыстар секілді заманауи әрі сұранысқа ие мамандықтар қамтылған.

Чемпионат бірнеше күнге жоспарланған. Алғашқы кезеңде токарлық жұмыстар бойынша сайыс өткізілсе, кейінгі күндері қалған бағыттар бойынша қатысушылар өз шеберліктерін көрсетеді. Жалпы, шара барысында ондаған студент пен сарапшы қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап қана қоймай, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«WorldSkills чемпионаты – бұл тек жарыс емес, бұл студенттердің өз мүмкіндігін көрсету алаңы. Мұнда олар нақты өндірістік жағдайға жақын ортада жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды», – дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс өтетін алаңдар заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл студенттерге өндірістегі нақты процестерге барынша жақын жағдайда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, машина жасау технологиясы орталығында өтетін токарлық және фрезерлік жұмыстар, сондай-ақ зертханалық талдау мен визуалды мерчандайзинг бағыттары ерекше назар аудартады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай чемпионаттар жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруда маңызды рөл атқарады.

«Бүгінде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Сондықтан осындай алаңдар арқылы жастарды ынталандыру – уақыт талабы», – деп атап өтті мамандар.

Жалпы, WorldSkillsAqmola-2026 чемпионаты өңірдегі кадрлық әлеуетті дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағалануда.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light intensity shower rain
6.2 ° C
6.2 °
6.2 °
93 %
9kmh
75 %
Чт
6 °
Пт
4 °
Сб
13 °
Вс
13 °
Пн
7 °

Соңғы мақала