19 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында табиғи монополиялар саласында ашықтық пен қоғамдық бақылау күшейтілді

Ақмола облысында табиғи монополиялар саласында ашықтық пен қоғамдық бақылау күшейтілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында табиғи монополия субъектілерінің қызметіне бақылау күшейтіліп, тарифтік саясатты реттеу мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын қадағалау бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінің басшысы Андрей Шевченко брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда облыста 65 табиғи монополия субъектісі 151 түрлі реттелетін қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы аталған субъектілерден 146 есеп қабылданып, олардың талдауы нәтижесінде жалпы сомасы 1,86 миллиард теңгеге жуық инвестициялық және тарифтік міндеттемелердің орындалмағаны анықталған.

Сонымен қатар, 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымы кезінде жеткіліксіз жылу берілгені үшін тұтынушыларға 44,2 миллион теңге көлемінде қайта есептеу жүргізіліп, қаражат кері қайтарылған.

«2025 жылы жалпы құны 22,7 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық бағдарламалар жоспарланған. Бұл қаражат 2 683 шақырым инженерлік желілер мен 1 807 дана жабдықты жөндеуге және жаңартуға бағытталмақ» , деді спикер.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың 11 ақпанынан бастап тұрғын үй алаңы мен тұтыну көлеміне қарай сараланған әлеуметтік тұтыну нормалары енгізілді. Жаңа жүйе тұрғындарды энергия мен ресурсты үнемдеуге ынталандыруға бағытталған. Бүгінде бұл норма алты табиғи монополия субъектісі арқылы жеті түрлі қызметке енгізілді.

Жартыжылдық ішінде департамент тарапынан 11 әкімшілік іс қозғалып, 14,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар, 3 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 3 нұсқама берілген. Оның біреуі орындалса, қалған екеуі орындалу сатысында.

Сондай-ақ, департамент 4 мемлекеттік қызмет көрсетіп, осы қызметтерге қатысты азаматтар тарапынан шағым түспеген.

«Біздің басты міндетіміз тарифтердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың құқықтарын қорғау. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі әрі тұрақты түрде жалғасады», – деді Андрей Шевченко.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
19 ° C
19 °
19 °
71 %
3.1kmh
74 %
Пн
19 °
Вт
27 °
Ср
30 °
Чт
30 °
Пт
31 °

Соңғы мақала